RU

Амалы таусылған алматылық жалғызбасты ана өз-өзіне қол салмақ болды

Алматылық жалғызбасты ана Малика Ташпулатованың сатып алған пәтерінен айырылып қалғанына бір жарым жылдан асып барады. Ол екі баласымен әлі күнге арзан пәтер жалдап күнелтуге мәжбүр.

Жоғары сотта пәтердің алаяқтық жолмен сатылғаны дәлелденсе де, бүгінге дейін пәтеріне кіре алмай зар. Шарасыз әйел тіпті өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Сыз тартқан жалдамалы пәтерден балалары демікпе ауруына шалдыққан, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

2012 жылы шетелде тұратын қызы Малика Тахтаеваның (пәтер иесінің есімі де Малика) Алматыдағы пәтерін сенімхат бойынша сатқан Халимахан Тахтаева екі жыл өткеннен кейін Ташпулатованың үйіне келіп, оның оған 130 мың доллар қарыз екенін айтады. Сәл кейінірек аудандық ішкі істер бөлімі Ташпулатова ханымға жазылған қолхатты көрсетеді.

«Мен сол қолхат бойынша оларға 450 мың доллар қарыз екенмін-мыс!  Кейін осыған байланысты маған қылмыстық іс ашылып, онда қолхатты мен жазбағаным дәлелденді. Бірақ, одан соң азаматтық іс бойынша тағы сот басталды», - дейді Малика Ташпулатова.

Бұл жолы Тахтаева ханым анасына жазып тастап кеткен сенімхатты және пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартты заңсыз деп тану туралы арыз жазған. Осы жолы жүргізілген сараптамада 450 мың доллар көлемінде қарызы туралы жазылған қолхаттың соңындағы қолды Ташпулатованікі деп таниды. Жауапкердің сараптаманы қайта жасау туралы өтінішін сот қабылдамайды.

Ең қызығы, жауапкерлердің қатарында Тахтаеваның туғана анасы Халимахан Тахтаева, банк, нотариус та бар. Сот аталған сенімхат пен келісімшартты жалған деп тауып, Малика Ташпулатованы екі баласымен пәтерден шығарады. Ал пәтер басқа біреулерге сатылып кетеді.

Үміті сөнбеген Малика Ташпулатова Жоғары сотқа барады. Өз кезегінде Жоғары сот аудандық соттың шешімін Ташпулатова ханымның пайдасына шешіп берді. Ташпулатованың пәтерге қол жеткізуіне бір-екі қадам қалғандай еді. Алайда, аудандық сотта бұл азаматтық істің Бас прокуратурада жатқаны белгілі болады.

Жоғары соттың аудандық сот шығарған шешімінің күшін жоя тұра, оның қайта қаралып, орындалуы жүзеге аспай тұр. Оның үстіне пәтер қайта сатылып кеткен.

Тағы да оқыңыздар:

Асанәлі Әшімов: Экран алдында бес минут бойы сүйістіріп қоюды доғару керек

Таразда зейнетке шығуына небәрі 5 ай қалған прапорщик атылып өлді

Қарағандыда жойқын жарылыс жасамақ болған лаңкестерге әйелдері шаң жуытпай отыр

Науқас бойжеткен өмірін құтқарған бейтаныс жігітке тұрмысқа шықты

Тәжік олигархының қызы тойына 212 млн теңгелік көйлек киіп шықты (фото, видео)

Хэллоуин мерекесінде жалаңаш жарысқан байкерлер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1298771-amaly-tausylghan-almatylyq-zhalghyzbas.html