RU

Қытайлық қазақ 400 мың теңгеге жуық зейнетақы алатынын айтып мақтанды

Мерлат және Ғизат есімді Қытай қазақтары өздерінің 8 мың юань немесе 393 мың теңге зейнетақы алатындарын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Сондықтан да олар тарихи отанына оралуға асықпайды, мұнда тіпті ондай мөлшерде жалақы да жоқ», - деп жазады Facebook қолданушысы Тоқтамыс Базаров.

Мерлат және Ғизатпен ол Астанаға барар жолда пойызда танысқан. Семейде Тоқтамыстың үйінде қонақта болған олар отанға оралуды не үшін кейінге шегеріп жүргендерін түсіндірді.

"Қытайда елге оралғысы келетін қазақтар көп. Бірақ олар осында кең етек жайған жемқорлықтан қорқады. Сосын Қытайда сенің еңбек өтілің 30 жылдан асса, зейнетке шыға аласың. Мысалы, мен 53-темін. Зейнеткермін. Мен мәдениет саласында қызмет істедім, 8000 юань зейнетақы аламын, 373 мың теңге (бүгінгі курс бойынша - 393 мың теңге). Сендерде мұндай зейнетақы тұрмақ, жалақы да жоқ», - дейді Қадырхан өз сөзінде.

Қадырхан жалған айтты деуге болмайды. Қытайда үш түрлі зейнетақы жүйесі қарастырылған: ауыл тұрғындарына, қала тұрғындарына және мемлекеттік қызметкерлерге арналған зейнетақы. Әрқайсысына төлем әртүрлі мөлшерде тағайындалған.

"Dimensional Fund Advisors Pte." компаниясының директоры Пенг Ченнің Қытайдағы зейнетақы жүйесі туралы баяндамасында ауыл тұрғындарының зейнетақысы 100-ден 500 юань (5000-24600) аралығындағы соманы құрайтынын атап өтеді.

Қытайда қалалар 10 балдық шкала бойынша сараланады, яғни, шанхай немесе Бейжің сияқты ірі қалаларда зейнетақы мөлшері кіші қалалар мен елдімекендерге қарағанда жоғары.

Тағы оқыңыздар:

Шамына тиетін сұрақ естіген партия хатшысы журналистің "жанын шығармақ" болды

Бүкіл елдің алдында абыройы төгілген ақтөбелік шенділер қоқан-лоққы жасауға көшті

Ақмола облысының бұрынғы әкімі Ұлттық пантеонға жерленетін болды (фото)

Алматыда қымбат фотоаппаратымен жоғалып кеткен жігіт 12 күн бойы компьютер клубында ойнап отырған

Жақсыбеков әдепсіз мемқызметкерлер қызметінен қуылатынын кесіп айтты

Обама Ердоғанға өз ақылын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1298847-qytaylyq-qazaq-400-mynh-tenhgege-zhuyq-zeyn.html