RU

Қалталылар шоу-бизнестегі сылқымдарға қанша төлейді?

Қыздың жолы - жіңішке. Ал шоу-бизнестегі қыздардың жолы тіптен ауыр. Оларға кез келгеннің көзі түседі, қысқасы олар үнемі ел назарында.

КТК арнасының "Инсталайық" бағдарламасы шоу-бизнестегі қыздардың бағасы қанша екенін анықтап көрді. Тәнін көрсеткен қыздар үшін қалталы ағалар жанын беруге даяр деген қауесет бар. Қаншалықты рас?

Бұл сұрақ бастапқыда шоу-бизнестегі танымал актрисалардың бірі - Салтанат Бақаеваға қойылды. Бірақ ол бұрын-соңды өзінің тәжірибесінде ондай жағдайлар кезікпегенін айтты.

"Арнау тобында келе жатқаныма 6 жыл болды. Бәлкім менің қасымда Нұржан жұмыс істегендіктен бе, ешқашан ондай ұсыныстар түсіп көрмегендіктен, өз көзіммен көріп білмегендіктен бар деп те айта алмаймын", - деді ол.

"Бірақ, естідім, әрине, мен де ондайды естідім. Ақша, бәрнәрсе беріп деген сияқты. Ондай дүниені мен бөліп жарып айта алмаймын. Көзімше ешкімді сатпаған да, мен сатпағам", - деп ағынан жарылды актриса.

Ауқатты отбасында өскендіктен болар, Сиви мұндай жайттарды мүлдем түсінбейтінін жеткізді.

"Қалай қыз баланы сатады? Енді дардай үлкен кісілерге ұят емес пе?", - деді Сиви Махмуди.

Естеріңізге салсақ, КТК арнасының "Инсталайық" бағдарламасын әр сенбі сайын сағат 17:00-де көруге болады.

Тағы оқыңыздар:

Шамына тиетін сұрақ естіген партия хатшысы журналистің "жанын шығармақ" болды

Бүкіл елдің алдында абыройы төгілген ақтөбелік шенділер қоқан-лоққы жасауға көшті

Ақмола облысының бұрынғы әкімі Ұлттық пантеонға жерленетін болды (фото)

Алматыда қымбат фотоаппаратымен жоғалып кеткен жігіт 12 күн бойы компьютер клубында ойнап отырған

Жақсыбеков әдепсіз мемқызметкерлер қызметінен қуылатынын кесіп айтты

Обама Ердоғанға өз ақылын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1298910-shou-biznestegi-qyzdardynh-baghasy-qansh.html