RU

Ақтөбелік шенеуніктерді əкімшілікке смартфонмен кіргізбей жатыр

28 қазан күні Ақтөбе облысы əкімдігінің қызметкерлерін бас прокурор Жақып Асанов жинады. Əкімшіліктегі жиынға шақырылған шенеуніктер есік алдынан бастап смартфонмен кіргізілмей жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Асып-сасып, қалбалақтаған мемқызметкерлер смартфондарын шешіп кеткен киімдерінің қалталарына қалдырды.

Жақып Асанов "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" бойынша Ақтөбе облысындағы сапарын қорытындылайды. Бір айда 2,6 мыңнан асатын шара өткізілген. Балалар мен əйелдерге, зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасыларға ерекше көңіл бөлінген.

Арнайы жұмыс нəтижесінде əлеуметтік қолдаумен 46 мың адам қамтылды. 15 мыңға жуық мектеп оқушысы профилактикалық тексеруден өткен. Бас прокурор Жақып Асанов жасаған жиынға Ақтөбенің барлық аудан əкімдері тікелей көрсетілім арқылы қатысып отыр.

Еске салсақ, Ақтөбе қаласы әкімінің 9 айлық есебін тыңдауға келген шенеуніктердің жиында шалқайып ұйықтап қалғанын бұған дейін хабарлағанбыз. Кейін бүкіл елдің алдында абыройы төгілген ақтөбелік шенділер қоқан-лоққы жасауға көшті.

Тағы оқыңыздар:

Шамына тиетін сұрақ естіген партия хатшысы журналистің "жанын шығармақ" болды

Бүкіл елдің алдында абыройы төгілген ақтөбелік шенділер қоқан-лоққы жасауға көшті

Ақмола облысының бұрынғы әкімі Ұлттық пантеонға жерленетін болды (фото)

Алматыда қымбат фотоаппаратымен жоғалып кеткен жігіт 12 күн бойы компьютер клубында ойнап отырған

Жақсыбеков әдепсіз мемқызметкерлер қызметінен қуылатынын кесіп айтты

Обама Ердоғанға өз ақылын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1298916-aqtobelik-sheneunikterdi-akimshilikke.html