RU

Енді сабақты "үшке" оқитын студенттер де шәкіртақы алатын болады

Енді үштік баға алған студенттерге де стипендия беріледі. Ел билігі жұмысшы мамандықтарына осындай жеңілдік жасамақ деп хабарлайды "ТВК" арнасы.

Бүгінде көптеген жастар заңгер, экономист сынды мәртебелі маман иесі болуды қалайды. Ал жұмысшы мамандықтарын таңдайтындар кемде-кем. Сондықтан қоғамда дәнекерлеуші, тігінші, механик мамандары тапшы. Осыны ескерген ел үкіметі жұмысшы мамандықтарына басымдық бермек.

Білім және Ғылым министрлігінің өкілдері тегін кәсіптік техникалық білім берудің жаңа механизімін ұсынды. Онда әрбір студентке шәкіртақы, тіпті тегін тамақ беру көзделген.

"2017 жылдан бастап жұмысшы мамандарға бірінші кезекте үлкен қолғабыс жасалынайын деп отыр. Яғни, жұмысшы мамандар бойынша 40 пайызға дейін квотаны көтерейін деп отыр. Екінші жаңалық, оқу нәтижесіне қарамастан, бәріне шәкіртақы беріліп, тегін тамақпен қамтамасыз етеміз. Жол жүру ақысымен де қамтамасыз етеміз", - дейді №3 кәсіптік колледж директоры Тілек Исахметов.

Тағы да оқыңыздар: 

Қазақ боксшылары қарсыластарымен жекпе-жек басталмай тұрып төбелесіп қалды (фото)

Маңғыстаулық имам 91 тобының жігіттерін еркек деп есептемейтінін айтты

Көліктің үстіне шығып би билеген қазақ қызының іш киімі көрініп қалды

Қазақстан Футбол федерациясының президенті отставкаға кетіп тынды

Қытайлық қазақ 400 мың теңгеге жуық зейнетақы алатынын айтып мақтанды

Хоккейші матч кезінде түсіп қалған тістерін бас киімінен тапты(видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299064-endi-sabaqaty-ushke-oqityn-studentter.html