RU

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды

Алматы облысындағы көлік апатында бес адам қаза тауып, бес адам жарақат алды деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан.

Үшеуі оқиға орнында қаза тапты, тағы екеуі ауруханада көз жұмды. Аман қалған зардап шегушілердің арасында бес және алты жасар екі қыз бар. Деректер бойынша, жол көлік апаты Алакөл ауданында Балапанов ауылы маңында "Алматы-Өскемен" тас жолының 526 шақырымында сағат 20:00-ден кейін болған.

Geely SC 7 және Toyota Camry автокөліктерінің бетпе-бет соқтығысуы нәтижесінде апат болған жерде үш адам қаза тауып, екеуі ауруханада көз жұмды.

"Жол апаты фактісі бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Сот алды тергеу ісі облыстық жауап алу басқармасы қызметкерлеріне тапсырылады", — деді Алматы облысы ІІД.

Тағы да оқыңыздар: 

Қазақ боксшылары қарсыластарымен жекпе-жек басталмай тұрып төбелесіп қалды (фото)

Маңғыстаулық имам 91 тобының жігіттерін еркек деп есептемейтінін айтты

Көліктің үстіне шығып би билеген қазақ қызының іш киімі көрініп қалды

Қазақстан Футбол федерациясының президенті отставкаға кетіп тынды

Қытайлық қазақ 400 мың теңгеге жуық зейнетақы алатынын айтып мақтанды

Хоккейші матч кезінде түсіп қалған тістерін бас киімінен тапты(видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299111-almaty-oblysyndaghy-zhanturshigerlik-zh.html