RU

Қарағанды мектебінде студент оқушының санына пышақ салды

Қарағандыда пышақ жарақатын алған мектеп оқушысын ауыр хәлде ауруханаға жатқызды деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан.

Қазір ол жансақтау бөлімінде, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Оқиға 27 қазанда болған. Қарағанды қаласының №34 мектебінде оқушылардың бірінің ұялы телефоны жоғалуына байланысты іс-шаралар жүргізіледі. Профилактикалық әңгіме жүргізу үшін 7-8 сынып оқушыларының ата-аналары шақырылады.

Бір оқушының анасымен бірге оның студент ағасы жиналысқа қатысады. Жиналыстан кейін оқушылар мен студент бозбала әжетхана бөлмесіне кіріп, әрі қарай дауласқан. Сол жерде 8-сынып оқушысы пышақ жарақатын алады.

Жасаған ісін мойындаған он алты жасар бозбала ұсталды. Тергеу жүргізілуде. Қарағанды ІІД мәліметінше, қазіргі уақытта осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сот алды тергеу ісі жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар: 

Қазақстандық балуан Олимпиада жүлдесінен не үшін айырылып қалғанын айтты

Назарбаев Мәскеудің бұрынғы мэрімен кездесті

Ресейде сүйіктісін құрбысынан қызғанған бойжеткен жігіттің басын кесіп алды

Жұлдызнамаға сай сіз қандай адамсыз?

Хоккейші матч кезінде түсіп қалған тістерін бас киімінен тапты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299221-qaraghandy-mektebinde-student-oqushyn.html