RU

Үкіметте жаппай қысқарту болуы мүмкін

Қазір министрліктерде жүздеген жұмыс орны босқа тұр екен. Сондықтан, президент әкімшілігінің жетекшісі мемлекеттік қызметкерлеріне бөлінген артық орындардан арылуды ұсынды.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Мәселен, Қаржы министрлігінде 970, Ұлттық экономика министрлігінде 900, ал Ауыл шаруашылығы министрлігінде 280 орын бос тұр. Өңірлерде де дәл осындай тұрақсыздық. Шенеуніктер жиі ауысады. Өйткені, жұмыс ауыр, ал жалақысы мардымсыз.

Жақсыбеков барлық министрлік, әкімдіктердегі қызметкерлердің штатын қайта тексеріп, артығын қысқартуды ұсынды. Сол арқылы бюджет қаржысын үнемдеуге де болады. Сондай-ақ, президент әкімшілігінің басшысы шенеуніктердің жүріс-тұрысы мен этикасына қатысты да сөз қозғады. Әдепсіздікпен көзге түскендер қатаң жазаланады, тіпті жұмыстан қуылатынын ескертті.

"Қазір мемлекеттік қызметкерлер халықтың жіті назардында. Сәл шалыс басса, бірден интернетке тарап кетеді. Мәселен, Қапшағайдың бұрынғы әкімі алдына келген азаматқа әдепсіз сөйлегені әлеуметтік желілерде жүр. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында аудан әкімін соққыға шықты. Мұның бәрі атқарушы биліктің абыройына нұқсан келтіреді", - деді президент әкімшілгінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков.

Тағы да оқыңыздар:

Павлодарда анасы аяусыз ұрған үш жасар қыз әкесіне қайтарылды

Ұзынағашта мал сатқан ағайындыларды өлтірген үшінші адам ұсталды

Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Қазақ боксшылары қарсыластарымен жекпе-жек басталмай тұрып төбелесіп қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299370-ukimette-zhappay-qysqartu-boluy-mumki.html