RU

Шымкентте 91 тобының клипін көрген қыз ұйықтай алмай, шошып оянды

Шымкенттік ана «Ninety One» тобының жігіттерінің бейнебаянын көрген кенже қызы түнімен шошынып, мазасы әбден қашты деп отыр. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Өзін Әмина Уәлиханқызы деп таныстырған келіншек 2 сыныпта оқитын қызы Ұлназ отандық арналардың бірінен «Ninety One» тобының «Айыптама» әніне түсірілген бейнебаянды көріп, ондағы жігіттердің түрлерін құдды қорқынышты кино кейіпкерлеріне теңегенін айтты.

«Өзім қызметтегі адаммын. Жолдасым да таңертеңнен кешке дейін жұмыста. Кенже қызым таңғы ауысымда оқиды. Ал екі үлкенім сабаққа түстен кейін барады. Ұлназым мектептен соң үйде жалғыз өзі қалып жүрген. Сабағын орындап болған соң ара-тұра теледидар қарауына рұқсат беретінмін. Отандық музыкалық арналарды жақсы көреді. Өнерге де жақындау. Неге екенін білмеймін, арна топтың дәл сол әніне түсірілген бейнебаянын жиі көрсетіпті. Оны көрген қызым түнімен мазасы қашып, шошынып шықты. Ұйқысынан оянып кеткен ол «Ninety One» әні құлағыма келе береді дейді» деп ашынды тұрғын.

Шымкенттік келіншек өзі ол топты бұған дейін мүлдем танымайтынын, тек осы жағдайдан соң сол клипті көргенін айтты. Онда жерасты өткелінде шашын ақ түске бояған топ мүшесінің әрекеті кішкентай бүлдіршіннің көз алдында елес боп кетпей қойған.

Осыдан соң мектеп оқушысы зәресі ұшып, біраз уақыт өзіне келе алмай жүріпті. Бүгінде Ұлназ аталған жігіттердің өнерін тамашаламақ түгілі, топ атын естігісі де келмейді. Жалпы бұл отбасыда тек кенже қызы емес, барлық мүшелері жігіттердің өнерінен теріс айналған. Оған басты себеп – олардың сыртқы келбеті.

«Жігіттердің өнерін қаралағым келіп отырғаным жоқ. Расымен де талантты шығар. Тек сыртқы келбеті талайды шошытқанын білемін. Бірақ, әлеуметтік желілерде жазылған жазбалардан білуімше, топ сахнаға алғаш келген сәттерінен сыртқы бейнелері реттелген секілді. Осы ретте өнер иелерінен өтінерім, сахнаға шықпас бұрын сыртқы келбеттеріңізді реттеп алыңыздаршы. Себебі ел назарында болған соң бірінші көзге әншінің өнерінен бөлек, сыртқы бейнесі түседі», - деп ойын түйді үш баланың анасы.

Тағы да оқыңыздар:

16 жастағы мектеп оқушысы Талдықорған аруы атанды (фото)

Павлодарда анасы аяусыз ұрған үш жасар қыз әкесіне қайтарылды

Ұзынағашта мал сатқан ағайындыларды өлтірген үшінші адам ұсталды

Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Қазақ боксшылары қарсыластарымен жекпе-жек басталмай тұрып төбелесіп қалды (фото)

Алматы облысында жаңа туған сәбиді өлтіріп алған алты дәрігер қызметінен қуылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299396-shymkentte-91-tobynynh-klipin-korgen-qyz-u.html