RU

Астаналық келіншек мектепте жыныстық қатынасқа барған мұғалімдердің үстінен арыз түсірді

Астанадағы №5 гимназияның оқушысы анасына мектеп қабырғасында мұғалімдердің жыныстық қатынасқа барғанын айтып келген.

Бұл туралы NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

6-шы сынып оқушысының анасы қалалық ІІД-ге арыз түсірген. Оның айтуынша, дене шынықтыру пәнінен босатылған ұлы оқушылардың киім ауыстыратын бөлмесінде жыныстық қатынасқа барған екі мұғалімді көріпті.

"12 жастағы ұлым Кәрім денсаулық жағдайына байланысты дене шынықтыру пәнінен босатылған. Сол себепті, сыныптастары спортзалға кеткенде, ол ер балалар шешінетін бөлмеде қалып қояды. Кейін балалар шешінетін бөлмеген қыз бен жігіт келіп, ұлымды басқа балалардың баскетбол ойнағанын тамашалау үшін шығарып жіберген. Кейін ұлым киім ауыстыратын бөлмеге келіп, жарықты қосқанда, сүйісіп тұрған мұғалімдерін көреді. Ер адам ұлымды күштеп шығармақ болып, оған соққы жасап үлерген. Бір қызығы, менің баламның айтқанына ешкім сенбей отыр",  - дейді оқушының анасы.

Оқушы барлық жайтты сынып жетекшісіне баяндаған. Алайда, мектеп ұжымы бұл оқиғаны жылы жауып қоятынын білген ата-ана Астана қалалық ІІД-ге арыз жазды. Бүгінде аталған іс бойынша тексеру басталды.

 

Тағы да оқыңыздар:

Елбасының жеңгесі Назарбаевтың балалық шағынан естелік айтып берді

Үш баласын тастап, Сирияға кеткен ақтөбелік әйелге халықаралық іздеу жарияланды

Шымкентте 91 тобының клипін көрген қыз ұйықтай алмай, шошып оянды

Үкіметте жаппай қысқарту болуы мүмкін

Алматы облысында жаңа туған сәбиді өлтіріп алған алты дәрігер қызметінен қуылды

Астанада автобус салонында жанкешті бар деген ақпар жұртты дүрліктірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299450-astanalyq-kelinshek-mektepte-zhynysty.html