RU

Ақтөбелік есепші миллиондаған ақшаны қайын атасына аударып отырған

Ақтөбеде 28 жастағы бухгалтер өзі жұмыс істейтін фирмадан 2 милиион теңгеден астам қаражат “ұрлаған”. Алайда ол сотта бұл қаржыны қайда жұмсағандығын есіне түсіре алмады.

Бұл туралы Керек инфо хабарлайды.

28 жастағы ақтөбелік сауда өкілдігімен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікте бухгалтер болып жұмыс істеген. Фирма арнайы заттар мен жеке қорғаныс құралдарын сатумен айналысқан. Қызметкеріне сенгені сонша, жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры оған кілт пен электронды цифрлық қолтаңбаны да беріп қойған.

Алайда сотталушы сенімді ақтамаған болып шықты. Қайын атасының да есеп-қисабымен айналысатын келіншек айла-шарғыға барған. 2014 жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында ЖШС есепшотынан өз қайын атасының жеке кәсіпкерлігіне 2,3 млн теңгеден астам қаржы аударған. Кейін қаржыны алып, қажетіне жұмсаған. Алайда қайда жұмсағаны есінде жоқ.

Тек бір жылдан кейін ғана фирма директоры өзінің миллиондаған қаржысы қолды болғанын білген. Мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Сандыбаевтың айтуынша, бухгалтердің үстінен “Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотта фирма директоры шығынды өтесе, әйелге кешірім беретіндігін айтқан. Алайда бухгалтердің мұндай қаражаты жоқ болып шықты. Ал есепшотына бөтен адамның қаржысы аударылған қайын атасы келінінің айла-шарғысынан хабарсыз болып шықты.

Тағы да оқыңыздар:

Елбасының жеңгесі Назарбаевтың балалық шағынан естелік айтып берді

Үш баласын тастап, Сирияға кеткен ақтөбелік әйелге халықаралық іздеу жарияланды

Шымкентте 91 тобының клипін көрген қыз ұйықтай алмай, шошып оянды

Үкіметте жаппай қысқарту болуы мүмкін

Алматы облысында жаңа туған сәбиді өлтіріп алған алты дәрігер қызметінен қуылды

Астанада автобус салонында жанкешті бар деген ақпар жұртты дүрліктірді

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299478-aqtobelik-esepshi-milliondaghan-aqshan.html