RU

Кредитін уақытында төлемеген қарияларды түн ішінде пойыздан түсіріп кетті

Кредитін уақытында төлемеген қариялар түн ішінде пойыздан түсуге мәжбүр болды. "Алматы-Орал" бағытындағы пойыз жолаушыларының бірі өзі көрген оқиғасын баяндады деп жазады NUR.KZ.

Динара Болат есімді Facebook қолданушысы несиесі төленбегендерді шекарадан өтетін пойызға отырмауға шақырды.

"Кредиттері төленбегендер, шекарадан өтетін пойызға отырмаңыздар! Машинамен де жолға шықпаңыздар!Кеше  "Алматы-Орал" бағытындағы пойызда Зайсан бақылауы кезінде ата мен әжені кредиттерің төленбеген деп пойыздан түсіріп тастады. Несиелері пениясымен төленген екен, базаға әлі түспепті. Сыртта сықырлаған қалың қар жатты. Әженің үстінде жұқа кардиган болды. 70-тің маңайындағы үлкен кісілер. Әже жылап әрең түсті. Мен де жылап жібере жаздап әрең тұрдым", - деп жазады Динара Болат.

Қарияларды пойыздан осымен екінші рет түсіріп тастапты. Өткен жолы несиесін төлемегені үшін түсірсе, енді төлеген ақшасы базаға түспеді деп сыртқа тастап кеткен.

Желі қолданушысы билет сатушылардың осы жағдайды жолаушыларға ескертпейтініне және төленген қаржының базаға түсіп болмайтынына қынжылған.

Тағы да оқыңыздар:

Елбасының жеңгесі Назарбаевтың балалық шағынан естелік айтып берді

Үш баласын тастап, Сирияға кеткен ақтөбелік әйелге халықаралық іздеу жарияланды

Шымкентте 91 тобының клипін көрген қыз ұйықтай алмай, шошып оянды

Үкіметте жаппай қысқарту болуы мүмкін

Алматы облысында жаңа туған сәбиді өлтіріп алған алты дәрігер қызметінен қуылды

Астанада автобус салонында жанкешті бар деген ақпар жұртты дүрліктірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299512-kreditin-uaqytynda-tolemegen-qariyal.html