RU

Ақтөбеде қызын босанған соң 16 күн комада жатқан әйел аман қалды

23 жастағы ақтөбелік Тамара Горецкая қызын туғаннан кейін перзентханада 41 күн жатқан, оның 16 күнін комада өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Диапазон» газетіне сілтеме жасап.

Тамара Горецкая 16 қыркүйекте жүктіліктің 8-ші айында облыстық ауруханаға түсті. Аталмыш аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Владимир Авраменконың сөзіне қарағанда, оның бүйрегінде ақау болған және ол ісініп кеткен. Учаскелік дәрігер басы ауырып, ісігі күшейген жағдайда жедел жәрдем шақыру қажеттігін ескерткен. Алайда Тамара дәрігерлердің көмегіне кеш жүгініп, дерті асқынып кеткен.

«Бізге жеткізілгенде ол комада болды, - деді Владимир Авраменко. - Наркоз беріп, кесер тілігімен босандырып алдық. Салмағы 1,5 келіні құрайтын қыз дүниеге келді, алайда анасын құтқару керек болды. Әйелдің миы ісінді, ал онда барлық маңызды орталықтар орналасқан- тыныс алу, қозғалу. Осы ісік салдарынан жүрегі тоқтады. Әйел клиникалық өлімді бастан кешірді. Ол 16 күн комада болды. Клиникалық өлім 5 минутқа созылды. Егер тағы бір минут болғанда өліп кетер еді. Жүрек оттегісіз 5 минут қана өмір сүре алады».

Тамара Горецкая перзентханада 41 күн жатты. Комадан кейін өз-өзіне келгенде жүре алмаған, қолдары жұмыс істемеді. Барлығына қайта үйренуге тура келді. Бүгін Тамараны ауруханадан шығарды, алайда келесі аптада ол қайта ауруханаға жатуы тиіс.

Неврология бөлімінде оған қалыпқа келуге көмектеседі. Қызы Рита 40 күнде салмақ жинады. Анасы емделгенге дейін оны әжесі күтеді.

Тағы да оқыңыздар:

Елбасының жеңгесі Назарбаевтың балалық шағынан естелік айтып берді

Үш баласын тастап, Сирияға кеткен ақтөбелік әйелге халықаралық іздеу жарияланды

Шымкентте 91 тобының клипін көрген қыз ұйықтай алмай, шошып оянды

Үкіметте жаппай қысқарту болуы мүмкін

Алматы облысында жаңа туған сәбиді өлтіріп алған алты дәрігер қызметінен қуылды

Астанада автобус салонында жанкешті бар деген ақпар жұртты дүрліктірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299517-aqtobede-qyzyn-bosanghan-sonh-16-kun-komad.html