RU

Ресей Қазақстаннан жалға алған 300 мың гектарға жуық жерді қайтарып бермек

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстандағы Ембі полигонын жалға алу және пайдалану бойынша келісімді тоқтату туралы қазақстандық-ресейлік мемлекетаралық хаттамаға қол қойды.

Бұл туралы Kazpravda.kz ТАСС порталына сілтеме жасап хабарлайды деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұл Хаттама Ресейдің Қазақстаннан жалға алған полигондардың жер учаскелерін оңтайландыру бойынша Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісімін одан әрі жүзеге асыру мақсатында даярланған. Бұл бағыттағы жұмыстардың бірінші кезеңі Сарышаған полигоны мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының 929 әскери алаңдарының шекараларын нақтылаумен байланысты 2015 жылы қол қойылған құжатпен байланысты болатын», - деп түсіндірді Ресей Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары Анатолий Антонов.

Хаттамаға сәйкес, 300 мың гектарға жуық жер жалға алу аймағынан шығарылады.

«Біз жер телімдерін игеру бағытындағы қазақстандық әріптестеріміздің мүдделерін ескеругі барынша тырыстық», - деді Антонов 20 қазан күні қол қойылған құжатқа қатысты мәселелерді сөз ете келе.

Қазақстанның халық шаруашылығына заманға сай коммуникациялардың құрылыстары мен пайдалы қазбаларды игеру шаралары жүргізілетін аймақтар қайтарылады.

Бұған қоса Ресей федералдық бюджеті полигонды жалдау үшін жыл сайын жұмсалатын $0,718 млн үнемдейді. Полигондарды пайдалану мен сынақтарды өткізу бойынша, Ресей тарапы Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен өзара байланыстарды дамыта бермек.

«Өйткені біздің полигондарда сынақтан өтетін техникалар мен қару-жарақтар тек Қазақстан мен Ресейдің ғана игілігі үшін қызмет етпейді», - деді Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары.

Тағы оқыңыздар:

Қанат Ислам Патрик Аллотейді тізе бүктіріп, екі чемпиондық атақты жеңіп алды (фото)

Кредитін уақытында төлемеген қарияларды түн ішінде пойыздан түсіріп кетті

Қазақ жігіті Ресейдегі ең мықты төбелескіш атанды (фото)

Ақтөбеде қызын босанған соң 16 күн комада жатқан әйел аман қалды

Баптист әйелді қабірінен бірнеше рет қазып алғандар сотталатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299863-resey-qazaqstannan-zhalgha-alghan-embi-p.html