RU

Қолы ашық жандар Қазақстанның қай қаласында тұрады?

Орташа есеппен бір қазақстандық қайырымдылыққа жылына екі рет 2235 теңгеден береді. Ал, Қазақстанның қай қала тұрғындары жомарт келеді?

Бұл туралы Sputnik агенттігі зерттеп көрді.

Ақша зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстан азаматтары коммерциялық емес ұйымдарға төленетін ақшалай жәрдем көлемін сегіз есе көбейтті.

Ақшалай жәрдемдерді 500-ден астам коммерциялық ұйымдар қабылдайды. Олардың ішінде Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры, Дүниежүзілік әлеуметтік даму қоры, Greenpeace, сонымен қатар, "Подари жизнь", "Обнаженные сердца", "Милосердие", "Дети Земли", "Линия жизни" қорлары және т.б. бар.

Соңғы жылдары өзгелерге көмек қолын созғысы келген қазақстандықтардың саны жеті есе өсіпті. Олардың әрқайсысы орта есеппен жылына екі рет 2235 теңгеден қаражат бөледі.

Қазақстандық қолданушылардың ішінде ең жомарт жандар – Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен және Павлодар қалаларының тұрғындары. Зерттеу барысында 2015 жылғы қыркүйекпен 2016 жылғы қыркүйек аралығындағы және бір жыл бұрынғы дәл осы кезең бойынша ақша аударымдары қарастырылды.

Тағы оқыңыздар:

Қанат Ислам Патрик Аллотейді тізе бүктіріп, екі чемпиондық атақты жеңіп алды (фото)

Кредитін уақытында төлемеген қарияларды түн ішінде пойыздан түсіріп кетті

Қазақ жігіті Ресейдегі ең мықты төбелескіш атанды (фото)

Ақтөбеде қызын босанған соң 16 күн комада жатқан әйел аман қалды

Баптист әйелді қабірінен бірнеше рет қазып алғандар сотталатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299870-qazaqstannynh-qay-qalasynda-enh-zhomart.html