RU

Қазақтың ұлттық киімін киіп, Хэллоуин тойлағандар Қазнеттің қаһарына ұшырады (фото)

Қазақтың ұлттық киімін киіп алып, Хэллоуин мерекесін тойлаған қазақстандық жастар Қазнеттің ашуын келтірді деп хабарлайды  NUR.KZ.

Олардың суреті әлеуметтік желіде пайда болғаны сол еді, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Қазақтың ұлттық киімін киіп, бетін адам шошырлықтай гримдеп алған қыз бен жігітті көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі жастардың киген киімін құптамай, сынның астына алса, енді бір топ оларды қолдап шықты.

Ал осы киім үлгісінің авторы өзінің Instagram-дағы парақшасында елдің сынына жауап берді.

"Ұлттық костюмді осылай интерпретациялауға болмай ма екен? Бүкіл әлемде адамдар самурайлар, гейшалар болып киінеді, шотланд белдемшелерін киіп, орыстың Аленушкасы сияқты шаштарын өріп алады. Ал апачи үндістері мен Мария Антуанеттер қаншама? Бұлар да түрлі халықтардың ұлттық киімдері! Солар біреудің көңіліне тиіп пе? Сіз біздің ұлттық киіміміз неге ешкімді қызықтырмайтыны туралы ойланып көрдіңіз бе? Себебі оны ешкім насихаттамайды! Біз 1000 рет Батыстың кейпін қайталағанша, одан да қазақтың ертегілеріндегі зұлым кейіпкерлерді образ етіп алуды жөн деп шештік. Түптеп келгенде біз мұрамызбен қызықты образ жасауға болатынын көрсеттік. Ойымызда қорлау немесе масқара ету деген тіпті болған жоқ", - деп жазады бойжеткен.

Тағы оқыңыздар:

Қанат Ислам Патрик Аллотейді тізе бүктіріп, екі чемпиондық атақты жеңіп алды (фото)

Ресей Қазақстаннан жалға алған 300 мың гектарға жуық жерді қайтарып бермек

Сапарбаевқа жағдайын айтқысы келген мүгедек әйелді полицейлер учаскеге алып кетті

Қолы ашық жандар Қазақстанның қай қаласында тұрады?

Байбек Қанат Исламды жеңісімен құттықтап, алғысын жаудырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299916-qazaqtynh-ulttyq-kiimin-kiip-alyp-khell.html