RU

Жапон диджейінің алма мен ананас туралы әніне жұрт ғашық болып қалды (видео)

Шетелдік БАҚ-тар жапонның Piko-Taro есімді диджейінің алма мен ананас туралы Pen-Pineapple-Apple-Pen деген әнінің Гиннестің рекордтар кітабына кіргенін жазып жатыр.

Бұл туралы The Straits Times ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Айта кету керек, бұл Американың Billboard Hot 100 хит-парадына кірген композициялардың арасындағы ең қысқасы болыпты. Оның ұзақтығы бар-жоғы 45 секундқа созылады.

Бұған дейінгі ең қысқа композицияны Американың The Womenfolk деген тобы жасаған екен. Оның 1964 жылы Billboard хит-парадына кірген әні 1 минут 2 секундқа ғана созылыпты.

Енді Piko-Taro-ның әніне келсек, осы үшін 53-тегі музыкант 28 қазан күні Токиода өткен баспасөз мәслихатында Гиннес рекордтар кітабының марапатын алыпты.

Тағы оқыңыздар:

Қанат Ислам Патрик Аллотейді тізе бүктіріп, екі чемпиондық атақты жеңіп алды (фото)

Ресей Қазақстаннан жалға алған 300 мың гектарға жуық жерді қайтарып бермек

Сапарбаевқа жағдайын айтқысы келген мүгедек әйелді полицейлер учаскеге алып кетті

Қолы ашық жандар Қазақстанның қай қаласында тұрады?

Байбек Қанат Исламды жеңісімен құттықтап, алғысын жаудырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299941-zhapon-didzheyininh-alma-men-ananas-tura.html