RU

Патрик Аллотей Қанат Исламды жеңе алмағанына қатты өкініп, жылап қалды

Ганалық Патрик Аллотейдің бапкері Офори Асари күні кеше қазақстандық боксшы Қанат Исламмен болған жекпе-жекке көңілі толмайтынын жеткізді.

Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Бұл әділетсіздік. Бұл Патриктің өміріндегі ең маңызды жекпе-жегі еді, бірақ әділетсіздік болды. Мұндай жағдай еш жерде және ешқашан болмаған, мұндай былықпен бірінші рет бетпе-бет кездесуім. Осыдан кейін Қазақстаннан алған әсерім сөніп қалды. Сөзім жоқ", - деп ашынды Аллотейдің бапкері.

Ал Baq.kz-тің хабарлауынша, жекпе-жектен соң Аллотей киім киетін жерде өміріндегі үшінші жеңілісі үшін қатты өкініп, жылаған.

Еске сала кетейік, кеше, 29 қазанда "Алматы-Арена" кешенінде өткен кездесуде қазақстандық боксшы Қанат Ислам қарсыласы ганалық Патрик Аллотейді ұпай санымен жеңген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Қанат Ислам Патрик Аллотейді тізе бүктіріп, екі чемпиондық атақты жеңіп алды (фото)

Ресей Қазақстаннан жалға алған 300 мың гектарға жуық жерді қайтарып бермек

Сапарбаевқа жағдайын айтқысы келген мүгедек әйелді полицейлер учаскеге алып кетті

Қолы ашық жандар Қазақстанның қай қаласында тұрады?

Байбек Қанат Исламды жеңісімен құттықтап, алғысын жаудырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1299977-patrik-alloteydinh-bapkeri-ganalyqty.html