RU

Қытайда есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі қайта қаралатын уақыт белгілі болды

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты бірінші сатыдағы соттың жаңа отырысы 2016 жылы 2 қарашада ҚХР Гуандун провинциясы, Гуанчжоу қаласында өтеді.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлайды.

«Сот отырысы 2 қарашаға белгіленді. Оған қыздың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов пен ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі консулдық бөлімінің өкілдері қатысады. Ақжарқынның анасы бұл жолы келе алмайды», - деді ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі консулдық бөлімінің басшысы Болат Сырлыбаев.

Еске сала кетейік, 21 жастағы  қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген.

Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

2016 жылы  7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы етті.

Тағы оқыңыздар:

Сот атышулы Төлешовті кінәлі деп тапса, ол ең ауыр жаза арқалауы мүмкін

Ресей Қазақстаннан жалға алған 300 мың гектарға жуық жерді қайтарып бермек

Қазақтың ұлттық киімін киіп, Хэллоуин тойлағандар Қазнеттің қаһарына ұшырады (фото)

Патрик Аллотей Қанат Исламды жеңе алмағанына қатты өкініп, жылап қалды

Сапарбаевқа жағдайын айтқысы келген мүгедек әйелді полицейлер учаскеге алып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1300037-qytayda-esirtkimen-ustalghan-aqzharqy.html