RU

Путиннің беделі өсіп, оның рейтингісі 82 пайызға дейін көтерілген

Ресей президенті Владимир Путиннің рейтингісі соңғы кездері 82 пайызға дейін көтерілді. Бұл туралы ТАСС ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Бұдан бөлек, кейінгі айларда ресейліктер үкіметтің, мемлекеттік дума мен федерация кеңесінің жұмыстарына да оң баға бере бастады.

Ресей президентінің жұмыстарына қолдау білдірушілік тамыз айындағы көрсеткіштен үш пайызға жуық өсті. Бұдан екі ай бұрын ол 78,7 пайызды құраса, қазір 81,8 пайызға келді. Бүкілресейлік қоғамдық пікірлерді зерттеу орталығы жүргізген сауал салу қорытындысы осыны анықтады.

Зерттеу мәліметтеріне қарағанда, сондай-ақ биліктің атқару және заң шығару тармақтары да рейтингілерін көтере бастаған. Айталық, үкімет есепті кезеңде 53,6 пайыздан 58,3 пайызға өссе, мемлекеттік дума 39,7 пайыздан 45,5 пайызға барған. Ал федерация кеңесінде бұл көрсеткіш тиісінше 42,1 және 46,4 пайыз болып отыр.

Басқа мемлекеттік институттардың қатарында қарулы күштер бұрынғысынша жұртшылықтың үлкен қолдауына ие болып отыр. Ол қазан айының соңында 83,5 пайызға жеткен. Бұл бұдан 10 жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есеге жуық өскенді көрсетеді.

Тағы оқыңыздар:

Сот атышулы Төлешовті кінәлі деп тапса, ол ең ауыр жаза арқалауы мүмкін

Ресей Қазақстаннан жалға алған 300 мың гектарға жуық жерді қайтарып бермек

Қазақтың ұлттық киімін киіп, Хэллоуин тойлағандар Қазнеттің қаһарына ұшырады (фото)

Патрик Аллотей Қанат Исламды жеңе алмағанына қатты өкініп, жылап қалды

Сапарбаевқа жағдайын айтқысы келген мүгедек әйелді полицейлер учаскеге алып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1300107-putiininh-bedeli-osip-onynh-reytingisi.html