RU

Ресейдің намысын қорғап жүрген қазақ қызы шахматтан кезекті рет әлем чемпионы болды

Бибісара Асаубаева 12 жасқа дейінгі қыздар арасындағы шахматтан кезекті рет әлем чемпионы болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі Индустрия және туризм департаментінің директоры Марат Иғали өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Асаубаева Бибисара (Ресей-Қазақстан) 12 жасқа дейін қыздардың арасында шаxмат бойынша кезекті чемпион атағына ие болды! Құтты болсын!", - деп жазды ол желідегі парақшасына.

Айта кетейік, Бибіасара еліміздегі талантты шахматшылардың бірі болған. Жастығына қарамастан оқушылар арасында үш мәрте әлем чемпионы атанған. Бір рет 8 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында әлем біріншілігінде топ жарған. 7 жасында әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері атағын алған.

Ал қазір Бибісара Асаубаева қазір жарыстарға Ресей Федерациясының атынан қатысады.

Тағы оқыңыздар:

Сот атышулы Төлешовті кінәлі деп тапса, ол ең ауыр жаза арқалауы мүмкін

Ресей Қазақстаннан жалға алған 300 мың гектарға жуық жерді қайтарып бермек

Қазақтың ұлттық киімін киіп, Хэллоуин тойлағандар Қазнеттің қаһарына ұшырады (фото)

Патрик Аллотей Қанат Исламды жеңе алмағанына қатты өкініп, жылап қалды

Сапарбаевқа жағдайын айтқысы келген мүгедек әйелді полицейлер учаскеге алып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1300128-reseydinh-namysyn-qorghap-zhurgen-bibis.html