RU

Ресейде зейнеткер әйел қойнында жатқан күйеуін балталап тастады

Ресейде зейнеткер әйел жұбайын балталап тастады деп хабарлайды 24.kz.

Қазіргі уақытта әйел тұтқындалып, оған психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалды.

«29 қазан күні Ресейегі Костенька ауылында 55 жастағы әйел ұйықтап жатқан күйеуінің басынан балатаман ұрған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ер адам ауруханада көз жұмған. Одан кейін ол ұлының отбасы тұратын үйінің екінші бөлігіне барған. Онда әйел 8 және 10 жастағы немерелерін балтамен ұрған», - деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

Ұлы оның қолынан балтаны алып, полиция келгенше жеке бөлмеген қамап қойған. Балалар бас жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ал әйелге қатысты «адам өміріне қастандық жасау» және «адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұтқындалып, тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалды.

Тағы оқыңыздар:

Сот атышулы Төлешовті кінәлі деп тапса, ол ең ауыр жаза арқалауы мүмкін

Ресей Қазақстаннан жалға алған 300 мың гектарға жуық жерді қайтарып бермек

Қазақтың ұлттық киімін киіп, Хэллоуин тойлағандар Қазнеттің қаһарына ұшырады (фото)

Патрик Аллотей Қанат Исламды жеңе алмағанына қатты өкініп, жылап қалды

Сапарбаевқа жағдайын айтқысы келген мүгедек әйелді полицейлер учаскеге алып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1300150-reseyde-zeynetker-ayel-qoynynda-zhatq.html