RU

Қазақстандық боксшы қыздар қарсыластарын ойсырата жеңді (фото)

30 қазан күні Атырауда Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанова сынды қазақтың қаһарман қыздарын еске алуға арналған әйелдер арасында бокстан халықаралық турнир мәреге жетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан бокс федерациясының мәлімдеуінше, 48 келі салмақта Алуа Балқыбекова, 51 келі салмақта екі дүркін әлем чемпионы, атыраулық ару Назым Қызайбай, 54 келі салмақта Аида Тұяқбай, 57 келіде Дәметкен Келімбет, 60 келі салмақта тағы бір атыраулық бойжеткен Назым Ишанова, 64 келі салмақта Мадина Нұршаева, 69 келі салмақта 2016 жылғы Әлем чемпионы Валентина Хальзова, 75 келі салмақта Виолетта Князева, 81 келі салмақта Мөлдір Базарбаева және 81 келіден жоғары салмақта Умида Садыкова алтыннан алқа тағынды.

«Бұл турнирге тыңғылықты дайындалып, жоғары мақсат қойдым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Алда бұдан да жауапты сайыстар тұр. Ең бастысы - Олимпиада ойындары. Оған 4 жыл тынбай дайындалу қажет», - дейді Назым Қызайбай.

Айта кетейік, тағы бір әлем чемпионы атанған қызымыз Дина Жоламан 54 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдені қанағат тұтты.

Тағы оқыңыздар:

Қайрат Нұртас жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Сот атышулы Төлешовті кінәлі деп тапса, ол ең ауыр жаза арқалауы мүмкін

Ресей Қазақстаннан жалға алған 300 мың гектарға жуық жерді қайтарып бермек

Қазақтың ұлттық киімін киіп, Хэллоуин тойлағандар Қазнеттің қаһарына ұшырады (фото)

Патрик Аллотей Қанат Исламды жеңе алмағанына қатты өкініп, жылап қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1300269-qazaqstandyq-boksshy-qyzdar-qarsylas.html