RU

"Қазақфильм" енді үнді фильмдерін қаржыландыра бастады (фото)

Алматыда үнді фильмінің түсірілімі өтіп жатыр, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Love your family» деп аталатын фильм «Khushi Motion Pictures» Bollywood  компаниялар тобы мен Қазақфильм акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асуда.

Фильмнің басы Үндістан мен Таиландта түсірілген. Алматыда фильмнің соңғы 30 минуты қолға алынбақ.

«Алматыны таңдау себебіміз – қала өте әдемі, архитектурасы Европаға ұқсас. Біз мұнда алғаш рет келіп тұрмыз», - дейді жоба продюсері Випул Девани.

Үнді актерлары қала тұрғындарының қонақжайлығын атап өтті.

Түсірілім Қазақстанда алты күнге жалғасады. Олар Көктөбе саябағы, Шымбұлақ шипажайы және Қапшағай қаласында жалғаспақ.

Фильмде Пардашани Акша Сунил және Джоши Маной Наванет сынды белгілі үнді актерлері ойнайды.

Тағы оқыңыздар:

Қайрат Нұртас жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Еліміздің барлық аймақтарында тұман мен көктайғақ болады

Қазақстандық боксшы қыздар қарсыластарын ойсырата жеңді (фото)

Қазақтың ұлттық киімін киіп, Хэллоуин тойлағандар Қазнеттің қаһарына ұшырады (фото)

Патрик Аллотей Қанат Исламды жеңе алмағанына қатты өкініп, жылап қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1300399-almatyda-undi-filmininh-tusirilimi-o.html