RU

Сегіз жасар қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды (фото)

Грузияның Батуми қаласында өткен Әлем чемпионатында 8 жасқа дейінгі қыздар арасында Айша Закирова Әлем чемпионы атанды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұл туралы өзінің желідегі парақшасында ақын Мақпал Жұмабай хабарлайды.

"Дүниенің бір бұрышында қазақтың кішкентай жұлдызы Айша Закирова тариx жасап жатыр. Ол шаxматтан Әлем чемпионы атанды! Жаңа ғана! Жаттықтырушыларымыз Грузиядан xабарласып жатыр:) Өткенде ғана балапан туралы жазған едім, міне, тағы да сүйінші жаңалықты өздеріңізге бірінші болып жеткізіп отырмын!", - деп жазды ол.

Атап айту керек, балалар арасындағы Әлем чемпионаты 18-31 қазан аралығында Грузияның Батуми каласында өтті. Чемпионатқа 66 елден 728 бала қатысты. Айша Закирова қатысқан 8 жасқа дейінгі қыздар  категориясында 85 бала ойнаған.

Тағы оқыңыздар:

Қайрат Нұртас жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Еліміздің барлық аймақтарында тұман мен көктайғақ болады

Қазақстандық боксшы қыздар қарсыластарын ойсырата жеңді (фото)

Қазақтың ұлттық киімін киіп, Хэллоуин тойлағандар Қазнеттің қаһарына ұшырады (фото)

Патрик Аллотей Қанат Исламды жеңе алмағанына қатты өкініп, жылап қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1300420-8-zhasar-qazaq-qyzy-shakhmattan-alem-chempi.html