RU

Түркістан әкімі отандық костюм сатып алғанын айтып мақтанды

Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев Шымкентте шығарылатын отандық костюмді сатып алғанын айтып, ағынан жарылды деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Өсербаев мырза қаланы дамытуда өнеркәсіп, ауыл шаруашылық салалары бойынша да бірқатар жоспарлы жұмыстар қолға алынғанын айтты. Әкімнің сөзіне сенсек, билік күнделікті тұтынатын азық-түліктің басым бөлігін өздерінен өндіруді көздеп отыр.

«Өзімізді картоп, астық, жұмыртқамен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Қалаға жылына 6 млн дана жұмыртқа қажет. Сол мақсатпен құс фабрикасы іске қосылды. Әрине, ол қажеттіліктің бәрін қамтамасыз етеді дей алмаймын. Он тоғыз пайызға қамтамасыз ететін боламыз. Ал сүт өнімі бізде артығымен өндірілуде», - деген әкім отандық өнімді қолдауда жан-жақты жұмыстардың атқарылып отырғанын мәлімдеді.

Осыдан алты ай бұрын NUR.KZ порталына берген эксклюзивті сұхбатында Түркістан қаласының басшысы Шымкентте шығарылатын костюмді сатып алуға уәде еткен еді. Әкім бұл уәдесін орындапты.

«Костюмді алдым ғой. Үйге жүріңіз, көріңіз», - деп сөзін түйді Өсербаев.

Әліпбек Өсербаев өзі басшылық ететін қаланың даму көрсеткіштері артып отырғанын, сонымен қатар туризм саласы бойынша бірқатар оңды жұмыстардың атқарылып отырғанын алға тартты. Одан өзге әкім тамыз айында Ясауи кесенесіндегі жәдігерлер туралы ақпарат тек қазақ тілінде жазылған деп сын айтқан сол кездегі үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаеваның ол ескертпесі назарға алынғанын да атап өтті.

«Музей қалаға бағынышты емес, маған қарамайды ғой. Бірақ онда айтайын, қазақша, орысша және ағылшын тілінде мәліметтер жазылып жатыр», - деді Түркістан әкімі.

Тағы оқыңыздар:

Қайрат Нұртас жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Еліміздің барлық аймақтарында тұман мен көктайғақ болады

Қазақстандық боксшы қыздар қарсыластарын ойсырата жеңді (фото)

Сегіз жасар қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды (фото)

Қазақтың мультимиллионері Назым Қызайбайға үй салып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1300474-turkistan-akimi-otandyq-kostyum-satyp.html