RU

Қанат Ислам: Екі қолымды бірдей жарақаттап, ойдағыдай соққы жасай алмадым

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам қарсыласы ганалық Патрик Аллотеймен жекпе-жектің 12 раундқа не үшін созылғанын түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Жеңіс құтты болсын, қазақ елі. «Алматы аренаға» келіп қолдау көрсеткен және келе алмай телеарна алдында тақымын қысып отырған ағайынға айтар алғысым зор. Бұл сіздердің жеңістеріңіз. Жекпе-жек мен үшін өте қиын болды. Барлығы менен нокаут күткенін білемін», - деп жазған боксшы өз желі парақшасында.

Спортшы ойдағыдай соққы жасай алмауының себебін түсіндірді.

«Кездесудің екінші раундында екі қолымды бірдей жарақаттап, ойдағыдай соққы жасай алмадым. Сол үшін де оны шаршатып, 12 раунд бойы жұмыс істеу керек болды. Жаттықтырушымның кеңесі осы болды. Бұл - спорт. Рингте кез-келген жағдай болады. Көптен бері 12 раундтық жекпе-жегім болмап еді, мен үшін бұл да бір тәжірибе. Бәрі алда, бұйыртса әлем мықтыларын сабайтын күн де алыс емес», - дейді Қанат.

Боксшы бокс кешінің өтуіне қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді.

«Жарысты ұйымдастырып, Қазақ елінде тамаша кәсіпқой бокс кешінің өтуіне қолдау көрсеткен Бауыржан Байбек, Бауыржан Оспанов, Айдын Рахымбаев, Кеңес Рақышев ағаларыма алғыс айтамын. Ерім дейтін ел барда, елім дейтін ерлер көбейеді. Бұл бокс кеші талай қазақ жастарының спортқа деген қызығушылығын оятты деп ойлаймын. Бізде мықты жастар көп. Бұйыртса, кәсіпқой бокста талай қазақ жігіттері өз биігін бағындырады. Жеңісті күндер көп болсын!», - деп ойын түйді ол.

Еске салсақ

Тағы оқыңыздар:

Қайрат Нұртас жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Еліміздің барлық аймақтарында тұман мен көктайғақ болады

Қазақстандық боксшы қыздар қарсыластарын ойсырата жеңді (фото)

Сегіз жасар қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды (фото)

Қазақтың мультимиллионері Назым Қызайбайға үй салып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1300593-qanat-islam-eki-qolymdy-birdey-zharaqa.html