RU

Жириновский: Ешкім Ердоғанды төңкере алмайды (видео)

Ресейдің ЛДПР партиясы төрағасы, саясаткер Жириновский Еродғанды «Өз адамымыз, оны төңкеріп тастауға ешкімнің де батылы жетпейді» деп мәлімдеген. Бұл туралы «Қамшы» порталы түріктің Миллиет газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Газеттің жазуынша, Ресейдің мемлекеттік телеарнасы «Россия 1» арнасында таратылатын «Воскресный вечер» хабарына қатысқан Жириновский, «Біз Түркиямен қатысты халықаралық саясатқа араласуымыз керек. Ердоғанға көмек беруге тиіспіз. Ердоған біздің адамымыз, оны төңкеруге ешкімнің де батылы жетпейді» деген.

Ол өз сөзінде, «Оңтүстік шекараны (Түркияның шиеленісті аймағы оңтүстік-шығыс шекарасы) Ердоғанға аманат етейік. Түркия Сирия мен Иракқа қалауынша саясат жүргізсін. Содан соң Иран да біздікі болады» деген.

Еске салсақ, Шілде айында Түркияда болған төңкеріс әрекеті кезінде Жириновский "Ердоғанды атып тастағанда ғой" деп мәлімдеген еді.

Тағы оқыңыздар:

Түркістандық ана жындыхана басшылығының көзбояушылығын көріп, қатты таң қалды

Қайрат Нұртас жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Қанат Ислам: Екі қолымды бірдей жарақаттап, ойдағыдай соққы жасай алмадым

Қызылордалық имам әулиелерді мойындамағаны үшін "Асыл арнаны" сынға алды

Сегіз жасар қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1300657-zhirinovskiy-eshkim-erdoghandy-tonhkere.html