RU
Із-түзсіз жоғалған Астана тұрғыны өлі күйінде табылды

Із-түзсіз жоғалған Астана тұрғыны өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облыстық ІІД-нің шұғыл іздестіру тобы облыс аумағындағы су қоймаларының бірінен із-түзсіз жоғалған 40 жастағы Астана тұрғыны Ерболат Жақсыгелдиннің көлігін тапты. Онда марқұмның азаптап өлтірілген денесі болған деп жазады sn.kz.

Ол 21 қыркүйек күні Астанадан Қарағанды қаласына қарай жолға шыққан екен.

"Шұғыл іздестіру жұмыстары барысында 30 қазан күні криминалды полиция өкілдері Қарағанды облысы Абай қаласының 30 жастағы тұрғынын күдікті ретінде анықтап, оны қолға түсірді. Ұсталған ер азамат 23 қыркүйек күні өз үйінде Ерболат Жақсыгелдинді өлтіргенін мойындап отыр. Қылмысын жасыру үшін ол марқұмның көлігіне мәйітті салып, оны су түбіне батырып жіберген", - дейді Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оның үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы "Кісі өлтіру" бойынша іс қозғалды.

Айта кетейік, Ерболат Жақсыгелдин 21 қыркүйек күні жоғалып кеткен болатын. Ол осы күні телефон арқылы әйелімен сөйлесіп, әрі қарай өз көлігімен Қарағандыға бет алыпты. Мұнан кейін ер азамат байланысқа шықпаған. Марқұмның артында екі ұлы қалды.

Тағы оқыңыздар:

Түркістандық ана жындыхана басшылығының көзбояушылығын көріп, қатты таң қалды

Қайрат Нұртас жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Қанат Ислам: Екі қолымды бірдей жарақаттап, ойдағыдай соққы жасай алмадым

Қызылордалық имам әулиелерді мойындамағаны үшін "Асыл арнаны" сынға алды

Сегіз жасар қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды (фото)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel