Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 6 жыл бойы секс-құлдықта болған бойжеткендер көрген азаптарын баяндады

Опубликовано:

Оралда секс-құлдықта жүрген қыздар "жеңгетайларымен" соттасып жатыр, деп хабарлайды NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтері бойынша, "жеңгетайлар"  бойжеткендерді қармағына алдап түсіріп, алты жыл бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген. Облыстың басқа аудандарынан келген, қиын жағдайға тап болған жас қыздар олардың құрбанына айналған.

Ұсталғандарға қоқан-лоққы көрсетті деген айып тағылып отыр. Іс материалдары бойынша олар секс-құлдықта жүрген бойжеткендерді күніне 10 клиентке дейін қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.

Жыныстық қызмет көрсеткені үшін берген ақшаларын "жеңгетайлар" тартып алып отырған. Олардың күнделікті табысы 150 мыңнан асып жығылған.

Осы мақсатта айыпталушылар клиенттерге пәтер жалдап, жезөкшелерді өздері жеткізіп салып отырған. Бұл туралы күзетші, таксиші және қонақ үй швейцары айтып берді.

Тасымалдаушы банданың айлық табысы 4 миллион теңгені құрапты.

"Жеңгетайлар" қоластындағы жезөкшелерге күш көрсетіп қорқытқан. Бұл топ туралы осы жылдың мамыр айында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлерінің жеңгетайларды ұстау әрекеті кезінде белгілі болды.

Алты жыл ішінде кей жәбірленуші әйелдер бала туып үлгерген, ал кейбірі өмірін сақтап қалу үшін үйінен қашып кеткен.

"Біздің арқамызда бар жағдайын жасап алды, көлігі бар, камазы бар. Бізге тек 3 мың теңге беріп отырды. Алты жыл бойы осылай келе жатырмыз. Қашып кетіп едік, тауып алды. Бізді ұрып-соқты", - дейді бір жәбірленуші.

"Бізге үнемі қысқа киінуді талап етті. Қысқа белдемше, қысқа күртешемен тұратынбыз. Содан туберкулезге шалдықтым", - дейді екінші бойжеткен.

Тағы оқыңыздар:

Түркістандық ана жындыхана басшылығының көзбояушылығын көріп, қатты таң қалды

Қайрат Нұртас жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Қанат Ислам: Екі қолымды бірдей жарақаттап, ойдағыдай соққы жасай алмадым

Қызылордалық имам әулиелерді мойындамағаны үшін "Асыл арнаны" сынға алды

Сегіз жасар қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды (фото)

АҚШ дипломаттары Түркиядан шұғыл түрде көшіп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1300825-oralda-boyzhetkenderdi-alty-zhyl-seks-q/

pixel