RU

Ақтөбе тұрғындары "белгісіз жануарларға" таланып жатыр

Ақтөбеде 509 адам "белгісіз жануарға" таланды деп хабарлайды kerek-info.kz.

Бұл туралы Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жайдар Құрманов мәлімдеді.

Биыл жыл басынан бері тоғыз ай ішінде 1164 адам түрлі жануарларға таланған. Мұндай жағдай 2015 жылмен салыстырғанда 211 жағдайға ұлғайған. 655 адам ит пен мысықтарға таланса, қалған 509 адамды “белгісіз жануарлар” жарақаттаған.

Сондай-ақ, 2749 нысанға санитарлық- эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Санитарлық тәртіп сақтамай, заң талаптарын бұзғаны үшін 32 939 130 теңгеге 656 әкімшілік айыппұл салынды.

Өрескел қателіктері үшін 15 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылып, 320 адам жұмыстан шеттетілген.

Тағы оқыңыздар:

Түркістандық ана жындыхана басшылығының көзбояушылығын көріп, қатты таң қалды

Қайрат Нұртас жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Қанат Ислам: Екі қолымды бірдей жарақаттап, ойдағыдай соққы жасай алмадым

Қызылордалық имам әулиелерді мойындамағаны үшін "Асыл арнаны" сынға алды

Сегіз жасар қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1300832-aqtobe-turghyndary-belgisiz-zhanuarla.html