RU
Қайрат Нұртастың көлігі жылқыларға соғылған (фото)

Қайрат Нұртастың көлігі жылқыларға соғылған (фото)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше жол апатына ұшыраған әнші Қайрат Нұртас рульде өзі болмаған. Оны Әйтеке би ауданының бір тұрғыны өз көлігімен апара жатқанда тас жолдың бір бөлігінде бір үйір жылқыларға соғылған деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысы Қазалы ішкі істер департаментінің xабарлауынша, бөлімге ешқандай шағым түскен жоқ. Себебі екінші зардап шеккен адам болған жоқ. Ал Қайрат Нұртас мінген көлік тас жолда жүрген жылқыларға соғылған.

«Көліктің жүргізушісі ауруxанаға көрінген. Болды. Ол - Әйтеке би кентінің тұрғыны. Оған Қайрат Нұртасты апарып тастасын деп өтініш жасаған. Сөйтіп, түнгі сағат 12-де келе жатқанда жылқыларға соғылған. Жылқылар жарыққа жүгіреді ғой. Қайраттың өзі ауруxанаға көрінбеген», - дейді бөлім кезекшісі. Жылқының иесі әзірше белгісіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, әнші Қайрат Нұртас жол апатына ұшыраған еді. Бұл туралы әншінің анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде хабарлаған.

Тағы оқыңыздар:

Түркістандық ана жындыхана басшылығының көзбояушылығын көріп, қатты таң қалды

Қайрат Нұртас жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Қанат Ислам: Екі қолымды бірдей жарақаттап, ойдағыдай соққы жасай алмадым

Қызылордалық имам әулиелерді мойындамағаны үшін "Асыл арнаны" сынға алды

Сегіз жасар қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды (фото)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel