RU

Жәнібек Әлімханұлына таңдай қаққандар оны Головкиннің ізбасары деп атады

OASport.it порталы қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлының перспективасына баға берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 жасына дейін ол әуесқойлар арасында Әлем және Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Головкиннің ізбасары болуы әбден мүмкін осы боксшы соңғы кездесуінде тәжірибелі колумбиялық Нуньесті нокутпен жеңді. Генадий де оны 2010 жылы осылай жеңген болатын», - деп жазады Sports.kz интернет басылымға сілтемемен.

Еске сала кетейік, 29 қазан күні Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста алғаш рет шаршы алаңға шығып, қарсыласын бірінші раундта сұлатып салды. Кештің негізгі кездесуі Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің арасында болды.

Жерлесіміз бұл жолы өзінің кәсіпқой бокстағы 22-ші жеңісіне қол жеткізіп, бірінші орта салмақтағы WBA Fedelatin және WBO Intercontinental белдіктерін еншіледі.

Тағы оқыңыздар:

Қайрат Нұртас жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Бас прокурор: Өмірінде қолына Құран алмай, отбасынан безгендер діншіл болып жүр

Қайрат Нұртастың көлігі жылқыларға соғылған (фото)

Сахнада шындықты айтуымен танылған айтыскер ақын депутат болып кетті

Оралда 6 жыл бойы секс-құлдықта болған бойжеткендер көрген азаптарын баяндады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1300916-alimkhanulynynh-zhudyryqtasuyna-tanhday.html