RU

Кейкі батырдың бассүйегін Венгриядан Алматыға әкелді

20-ғасыр басындағы ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі - Кейкі батырдың бассүйегі Венгриядан Алматыға әкелінді деп хабарлады жергілікті агенттіктерге сілтеме жасап Азаттық.

Орталық мемлекеттік мұражай директоры Нұрсан Әлімбайдың айтуынша, үкімет батырдың бассүйегін жерлеу мәселесін шешкенше ол Орталық мұражайда сақталады. Бассүйек 12 қазанда антропологиялық сараптама жасау үшін Венгрияның жаратылыстану мұражайына жіберілген еді.

Бассүйек Будапешке зерттеу және Кейкі батырдың тірі кезіндегі бет-бейнесін қалпына келтіру үшін жіберілген. Венгр ғалымдарының жұмысының нәтижесі желтоқсанда жарияланады деп жоспарланып отыр.

Кейкі батыр (Нұрмағанбет) Көкембайұлы - 1916 жылы Торғай өңіріндегі қазақтардың Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілісіне және кейін совет билігіне қарсы қозғалысқа қатысушылардың бірі. Совет өкіметі Кейкіні 1923 жылы ұстап, басын шауып өлтірген. Кейін Ресейге жөнелтілген Кейкі батырдың бас сүйегі осы кезге дейін Санкт-Петербургтегі антропология және этнография музейінде сақталып келген.

Биыл жазда сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімов Ресей үкіметінен сұрағаннан кейін Ресей осы айдың басында Қазақстанға ​Кейкі батырдың бас сүйегін қайтарған.

Тағы оқыңыздар:

Қайрат Нұртас жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Бас прокурор: Өмірінде қолына Құран алмай, отбасынан безгендер діншіл болып жүр

Қайрат Нұртастың көлігі жылқыларға соғылған (фото)

Сахнада шындықты айтуымен танылған айтыскер ақын депутат болып кетті

Оралда 6 жыл бойы секс-құлдықта болған бойжеткендер көрген азаптарын баяндады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1301084-keyki-batyrdynh-bassuyegin-vengriyada.html