RU
"ЭКСПО"-ға келетін шетелдіктерді «алтын» және «күміс» нөмірлері бар пәтерлер күтіп тұр (фото)

"ЭКСПО"-ға келетін шетелдіктерді «алтын» және «күміс» нөмірлері бар пәтерлер күтіп тұр (фото)

Рассказать Вконтакте

EXPO-2017 көрмесіне орай арнайы салынған тұрғын үй кешендері шетелдік қонақтарды қабылдауға дайын, кешен құрылысы аяқталып, тіпті пәтерлерді жиһазға толтырған. Делегаттарға gold және silver санатындағы пәтерлерді тәулігіне 50 мың теңгеге ұсынып отыр, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда EXPO-2017 көрме алаңында әлі де құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, алайда дайын объектілер де жоқ емес. Көрме павильондары мен шетелдік қонақтарға арналған экспо-қалашық пайдалануға берілді.

Шетелдіктерге арналған пәтерлер толығымен жиһазбен қамтылған, барлық техникамен жабдықталған.

Кешенде бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер қарастырылған. «Алтын» және «күміс» нөмірлер ішіндегі жиһаздармен ерекшеленеді.

Қалашықта осындай жайлы 1300 пәтер бар.

Ондағы жиһаздардың барлығы қазақстандық, тұрмыстық техника шетелден әкелінген, ал ыдыс-аяқ Қытай өнімі. Әр пәтерде кір жуғыш машина, теледидар, плита, қысқа толқынды пеш бар. «Алтын» санатындағы пәтерлер ыдыс жуғыш машинамен жабдықталған.

«Біз Астана қаласы бойынша орта есептік бағаны алып отырмыз. Астаналық бес жұлдызды қонақ үйдің бір тәулігі 60-70 мың. Ал біздің «алтын» санаттағы пәтерлер 50 мың теңге шамасында», - деп атап өтті экспо-қалашық басқармасының директоры Ғалымжан Қарымсақов.

Бұл ақшаға 24 сағаттық күзет, қызметші, және медициналық қолдау көрсетіледі.

Алғашқылардың бірі болып пәтерлерге француздар қоныс тепті. Олар алты пәтерді брондап үлгерген. Француздардың қалтасына бұл қолайлы болған сыңайлы. Олардың айтуынша, Италияда өткен көрмедегі бағамен бұл бағаны салыстыруға келмейді.

Айта кету керек, тұрғын үй кешенінен өзге EXPO көрме павильондары да пайдалануға берілді. Бүгін оларды Түркия, Қытай, Венгрия, Германия және Франция делегаттарына салтанатты түрде таныстырды.

Тағы оқыңыздар:

Қайрат Нұртас жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Бас прокурор: Өмірінде қолына Құран алмай, отбасынан безгендер діншіл болып жүр

Қайрат Нұртастың көлігі жылқыларға соғылған (фото)

Сахнада шындықты айтуымен танылған айтыскер ақын депутат болып кетті

Оралда 6 жыл бойы секс-құлдықта болған бойжеткендер көрген азаптарын баяндады

Сіздің реакцияңыз
5
6
0
1
0
15
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel