RU

Жансейіт Түймебаев Астанаға алақан жайған шенеуніктердің қалай тұрып жатқанын өзі бақыламақ

Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы Жансейіт Түймебаев жергілікті шенеуніктердің үйлерін аралайтын болды, деп хабарлайды NUR.KZ порталы жергілікті ТВК арнасына сілтеме жасап.

Төлеби ауданына іссапармен келген облыс әкімі жергілікті белсенді топтың басын қосқан жиынға қатысты. Тағайындалғанына екі ай болған аудан басшысы Бұқарбай Парманов ауылшаруашылығы саласын дамыту үшін мемлекеттен қаржы керек екенін мәлімдеді.

«Үш жылға жоспарланған жоба үшін 7 миллиардқа жуық қаржы керек. Көшет алу үшін 420 миллион теңге қаржы керек, сүтті бағыттағы қара мал сатып алу үшін 2 миллиард теңге керек. 74 каналды тазартуға 3 миллиардтан астам қаржы керек», - деген шенеунік бар мәселені қаржының жоқтығына әкеп тіреді.

Облыс басшысына Астанаға алақан жайған аудан әкімінің сөзі жақпай қалды.

«Жыл сайын 11 миллиард теңге жоғарыдан құйылып отырады. Ал егер, түрлі жағдай орын алса, елде, экономикада, мысалы, инфляция, девальвациясы бар. Қанша ел соғысып, қырылып жатыр. Сонда не болмақ? Әркім өз күнін өзі көре алмай ма? Аспандағы айға, не Астанаға қарап отыра береміз бе?», - деп ашуланды облыс басшысы.

Осыдан кейін Жансейіт Түймебаев жауапты шенеуніктердің үйлерін аралап көрмек ниетте.

«Сіздер өздеріңіз қалай өмір сүріп жатырсыздар? Мен соны көргім келеді. Маған осы басшылардың адрестерін беріңіз, қай ауыл, қай көшеде тұратынын. Мен жайлап, басқа машинамен келіп үйлеріңізді, қора-жайларыңызды аралап көремін», - деді ол аудан әкіміне.

Тағы оқыңыздар:

Ажалдан аман қалған Қайрат Нұртас халыққа алғысын жаудырды

"ЭКСПО"-ға келетін шетелдіктерді «алтын» және «күміс» нөмірлері бар пәтерлер күтіп тұр (фото)

Өлер алдында хат жазып кеткен бойжеткеннің ата-анасы марқұмның қалай қаза болғанын айтты (видео)

Танысына қатты сөйлеген өскемендік тұрғын бір көзінен айырылып қалды

Ақтауда апатқа ұшыраған көлік екінші көліктің үстіне шығып кетті (видео)

Патшасын бір жыл бойы жоқтайтын Таиланд жаңа жылды тойламайтын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1301446-zhanseyit-tuymebaev-zhergilikti-sheneu.html