RU

Есірткіні табыс көзіне айналдырған 75 жастағы алматылық әже сотталып кетті

75 жастағы алматылық кейуана есірткіні заңсыз сақтағаны және сатқаны үшін сотталды. Бұл туралы Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 297 бабының 3 бөлігі 3 тармағы бойынша (есірткі заттарының заңсыз айналымы) қылмыс жасаған кейуанаға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Сот 2016 жылы 31 шілдеде кейуананың басқа бір адамға жалпы салмағы 0,23 грамм ірі мөлшерде «героин» есірткісін 4 000 теңгеге заңсыз сатқаны анықтады», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, 2016 жылғы 2 тамызда кейуананың үйінде куәгерлердің қатысуымен жүргізілген тінту барысында жалпы салмағы 4,21 грамм аса ірі мөлшерде аталған есірткі құралы табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен зейнеткер Қылмыстық кодектің 297 бабының 3 бөлігі 3 тармағында көзделген қылмысты жасады деп танылды және оған мүлкін тәркілеу және қатаң режімдегі түзеу колониясында жазасын өтеу үшін 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Ажалдан аман қалған Қайрат Нұртас халыққа алғысын жаудырды

"ЭКСПО"-ға келетін шетелдіктерді «алтын» және «күміс» нөмірлері бар пәтерлер күтіп тұр (фото)

Өлер алдында хат жазып кеткен бойжеткеннің ата-анасы марқұмның қалай қаза болғанын айтты (видео)

Танысына қатты сөйлеген өскемендік тұрғын бір көзінен айырылып қалды

Ақтауда апатқа ұшыраған көлік екінші көліктің үстіне шығып кетті (видео)

Патшасын бір жыл бойы жоқтайтын Таиланд жаңа жылды тойламайтын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1301463-almatyda-esirtki-satqan-75-zhastaghy-azhe-s.html