RU

Ғалымдар табиғатқа миллиондаған мутант-маса жібермек

Бразилия ғалымдары апта сайын табиғатқа миллиондаған генетикалық түрлендірілген масаларды жібермекші деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Зерттеушілер осылайша ауру тарататын қансорғыш масаларды құртуды көздеп отыр. Қоршаған ортаға жіберілген масалар жабайы масалардың арасында жылдам көбейеді. Британдық Oxitec фирмасының өкілдері Пирасикаба қаласында орналасқан фабриканың аптасына 60 миллион мутант-маса шығара алатынын айтуда.

2011-2014 жылдары Панамада, Кайман аралдары мен Бразилияның Баия штатының солтүстік-шығысында жүргізілген далалық зерттеулер жабайы масалардың саны 90 пайызға азайғанын көрсеткен.

Мутант-масалар табиғатқа келер жылдан бастап жіберілмек. Пирасикаба қаласының әкімі жоғарыда аталған фирмамен 1,1 млн долларға келісімшарт жасап та қойған.

Тағы да оқыңыздар:

Патшасын бір жыл бойы жоқтайтын Таиланд жаңа жылды тойламайтын болды

Ажалдан аман қалған Қайрат Нұртас халыққа алғысын жаудырды

"ЭКСПО"-ға келетін шетелдіктерді «алтын» және «күміс» нөмірлері бар пәтерлер күтіп тұр (фото)

Сот Бақытбек Есентаевтың тағдырын 3-ші қараша күні шешеді

Есірткіні табыс көзіне айналдырған 75 жастағы алматылық әже сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1301553-ghalymdar-tabighatqa-milliondaghan-mut.html