RU

Науқас бойжеткен өмірін құтқарған бейтаныс жігітке тұрмысқа шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Канадада Крис Демпси есімді азамат ауыр халде жатқан Хизер Крюгер есімді бейтаныс аруға бауырын бөліп беріп, кейін оны өз жары етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Крис бойжеткеннің ауыр жағдайын әріптесінен естіп, өзінің бауыры қаншалықты сәйкес келетінін тексертеді. Оң нәтиже алған азамат бойжеткенді бір рет те көрмеген болса да, оны құтқарып қалуды ұйғарады.

Ал ота уақыты жақындап қалғанда екеуі бірталай уақытты бірге өткізіп, бір-бірін жақын тани бастайды. Ота сәтті жасалып сегіз айдан кейін жігіт бойжеткенге ұсыныс жасаған.

"Мен ота жасатуға келісімімді бергенде бұл керемет әйелдің болашақ жарым боларын ойламаған да едім", - дейді жігіт.

Тағы да оқыңыздар:

Патшасын бір жыл бойы жоқтайтын Таиланд жаңа жылды тойламайтын болды

Ажалдан аман қалған Қайрат Нұртас халыққа алғысын жаудырды

"ЭКСПО"-ға келетін шетелдіктерді «алтын» және «күміс» нөмірлері бар пәтерлер күтіп тұр (фото)

Сот Бақытбек Есентаевтың тағдырын 3-ші қараша күні шешеді

Есірткіні табыс көзіне айналдырған 75 жастағы алматылық әже сотталып кетті

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Науқас бойжеткен өмірін құтқарған бейтаныс жігітке тұрмысқа шықты
Mailfire view pixel