RU

Қарағандыда жойқын жарылыс жасамақ болған лаңкестерге әйелдері шаң жуытпай отыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағандыда лаңкестердің кезекті бір тобы сот алдында жауап бере бастады. 8 адам өткен жазда Балқаштағы Ресейдің әскери бөліміне шабуыл жасап, онымен қоса бірнеше нысанды жарып жібермек болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Тек құзырлы орындар мұнысын біліп қойып, жылмысқы ойлары іске аспай қалған еді. Бірақ өліспей беріспеген бір содыр өзін өзі жарып жіберген болатын. Ал тірідей ұсталған 8 айыпталушыға қатысты процесс енді жабық өтпекші.

Ал 4 айдан бері жарларының бет- жүздерін көріп, тілдесе де алмаған әйелдері күйеулеріне шаң жуытпай отыр.

"Оларды кінәлайтындай ешнәрсе көрген емеспін. Олар иә жиналады өйткені олар ағайындар. Қазір мұсылмандарды не нәрсемен ұстай алады. Наркотик тастап па? Жоқ. Проституциямен бе? Жоқ. Терроризммен ғана", - дейді Е.Үсеновтің әйелі Индира Жұмашева.

Десе де, сол лаңкестік әрекетті ұйымдастыруға осы жылдың сәуір айынан дайныдалғандарын дәл осы Индираның жары тергеу кезінде- ақ жайып салды. Қару-жарақ жинап, жарылғыш заттарды қолдан жасаған. Ал сот процесінде қалғандарының қорғаушылары да тергеушілер таққан айыппен келісетіндерін жамырай жеткізді. «Жаздым, жаңылдым» дегендер жазаның жеңілдеуінен үмітті.

"Олар теріс үгіт-насихаттың жетегінде кеткендерін түсініп отыр. Оларға бұл бір ойын сияқты көрінген екен. Мен қорғап жатқан Үсенов лаңкестік әрекетке дайындық кезінде өзі іштей қиналғанын айтады. Бас тартуды да ойлап жүріпті", - дейді адвокат Ғалым Нұрпейісов.

Естеріңізге салсақ, 26-шы маусымда арнайы операция кезінде күдіктілердің бірі өзін өзі жарып жіберген. Қалған сегізі ұсталып, қамауға алынған болатын. Олардан ондаған қару-жарақ пен 11 келі жарылғыш зат тәркіленді. Осы арсеналмен содырлар Қарағанды облысының бірнеше жерінде сойқан салуды көздеген екен. Нысанаға Балқаштағы Ресейдің әскери базасын да алған.

Тағы да оқыңыздар:

Патшасын бір жыл бойы жоқтайтын Таиланд жаңа жылды тойламайтын болды

Ажалдан аман қалған Қайрат Нұртас халыққа алғысын жаудырды

"ЭКСПО"-ға келетін шетелдіктерді «алтын» және «күміс» нөмірлері бар пәтерлер күтіп тұр (фото)

Сот Бақытбек Есентаевтың тағдырын 3-ші қараша күні шешеді

Есірткіні табыс көзіне айналдырған 75 жастағы алматылық әже сотталып кетті

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда жойқын жарылыс жасамақ болған лаңкестерге әйелдері шаң жуытпай отыр
Mailfire view pixel