RU
Жамбыл облысында биіктен құлап мүгедек болып қалған азамат көмекке мұқтаж

Жамбыл облысында биіктен құлап мүгедек болып қалған азамат көмекке мұқтаж

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында 28 жастағы азамат биіктен құлап омыртқасын зақымдап, сол күйі жүруден қалған деп хабарлайды КТК арнасы.

Меркі ауданының тұрғыны Азамат Үйсінқұловтың төсек тартып жатуы жақындарының жанына батады. Орда бұзар жасқа келген жігіт аяғына тұрғысы келеді. Бірақ сал аурудың ем-домына қаржы жеткіліксіз.

Азамат екі жыл бұрын ауылда көлікке шөп тиеп жатқанда биіктен жерге басымен оңбай құлаған. Сөйтіп омыртқасына қатты зақым келіпті. Содан бері иықтан төмен қарай істемей, қимылсыз жатыр. Бұған дейін Қырғызстанда операция жасалғанымен, нәтижесі шамалы.

Ал өздерінің дәрменсіз екенін мойындаған отандық мамандар Қытайдағы клиникаға баруға кеңес берген. Енді Азамат сонда барып қаралғысы келеді. Бірақ ем-домына 7 млн теңге қажет. Қайғылы жағдайға дейін тарих пәнінен сабақ берген апталдай жігіт қазір анасының зейнетақысына қарап отыр. Көмек қолын созам деген жомарт жандар экранда көрсетілген телефон нөміріне хабарласа алады.

Қол ұшын созам деушілерге: 8777 628 55 76

Тағы да оқыңыздар:

Патшасын бір жыл бойы жоқтайтын Таиланд жаңа жылды тойламайтын болды

Ажалдан аман қалған Қайрат Нұртас халыққа алғысын жаудырды

"ЭКСПО"-ға келетін шетелдіктерді «алтын» және «күміс» нөмірлері бар пәтерлер күтіп тұр (фото)

Сот Бақытбек Есентаевтың тағдырын 3-ші қараша күні шешеді

Есірткіні табыс көзіне айналдырған 75 жастағы алматылық әже сотталып кетті

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel