Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мексикалықтар "Өлілер күнін" дүркіретіп атап өтті (фото)

Опубликовано:

Мексикада "Өлілер күні" деген күнді үлкен салтанатпен атап өтеді екен деп хабарлайды 31 арна.

Қарашаның 1-і мен 2-сі күндері халық о дүниелік болғандарды еске алып, көпшілік зиратқа адам басының қаңқасы пішінінде пісірілген тәттілер мен Мексиканың дәстүрлі ішімдігі текиланы апарады екен.

Биыл тіпті ел астанасы Мехикода өлілер кейпін сомдаған адамдардың шеруі де ұйымдастырылды.

Мексика мәдениетінде өлімді кез-келген адам бастан кешіретін қалыпты жағдай деп жеңіл қарайды. Сондықтан, жүздеген адам беттеріне сурет салып, өлілердің кейіпін көрсетіп қала көшелеріне шеруге шықты. Мұндай шара Мехикода тұңғыш рет ұйымдастырылғанымен жергілікті тұрғындар тарапынан үлкен қолдау тапқан.

Шеруді тамашалауға тіпті шет елдерден туристер де арнайы келген. Өлілер күнін атап өту дәстүрі колумбияға дейінгі кезеңге жатады. Ол кездегі тайпалар наным-сенімі бойынша қайтыс болған адамдардың рухы бұл өмірге кез-келген уақытта еркін келіп-кете алады екен.

Тағы да оқыңыздар:

Асанәлі Әшімов: Экран алдында бес минут бойы сүйістіріп қоюды доғару керек

Таразда зейнетке шығуына небәрі 5 ай қалған прапорщик атылып өлді

Қарағандыда жойқын жарылыс жасамақ болған лаңкестерге әйелдері шаң жуытпай отыр

Науқас бойжеткен өмірін құтқарған бейтаныс жігітке тұрмысқа шықты

Тәжік олигархының қызы тойына 212 млн теңгелік көйлек киіп шықты (фото, видео)

Хэллоуин мерекесінде жалаңаш жарысқан байкерлер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1301761-meksikalyq-oliler-kunin-durkiretip/

pixel