Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда 56 жастағы әйел 4-ші қабаттан секіріп мерт болды

Опубликовано:

4-ші қабаттан құлаған Қостанай тұрғыны көз жұмды. Облыстық мекеменің мәліметтері бойынша, 56 жастағы әйел өзін-өзі өлтіруге бел буған, деп жазды alau.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Оқиға 28 қазан күні Қостанайдағы Ворошилов көшесінде орналасқан үйде болған. Ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады.

«Бұл оқиға шамамен 15:00-де болды. Әйел 4-қабаттан секіріп кетті. Ол психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Ол суицид жасады», - деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Бас дәрігер Самат Шүменбаевтың айтуынша, әйелдің аяқ-қолы сынған, бас миына зақым келген, травматикалық шок алған және іші жараланған.

«Әйел жан сақтау бөліміне жеткізілді, бірақ көп ұзамай көз жұмды», - деді аурухананың бас дәрігері.

Тағы да оқыңыздар:

Асанәлі Әшімов: Экран алдында бес минут бойы сүйістіріп қоюды доғару керек

Таразда зейнетке шығуына небәрі 5 ай қалған прапорщик атылып өлді

Қарағандыда жойқын жарылыс жасамақ болған лаңкестерге әйелдері шаң жуытпай отыр

Науқас бойжеткен өмірін құтқарған бейтаныс жігітке тұрмысқа шықты

Тәжік олигархының қызы тойына 212 млн теңгелік көйлек киіп шықты (фото, видео)

Хэллоуин мерекесінде жалаңаш жарысқан байкерлер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1301859-qostanayda-56-zhastaghy-ayel-4-qabattan-se/

pixel