RU
ОҚО-ның жаңа әкімі көңілінен шықпаған шенділерді орнынан тұрғызып қойды

ОҚО-ның жаңа әкімі көңілінен шықпаған шенділерді орнынан тұрғызып қойды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қалада атқарылып жатқан жұмыстарға мүлдем көңілі толмады. Тіпті жауаптыларға ашуға булығып, тұрғызып қойып ұрысты.

Онымен қоса жауаптылар «созылмай», сілкініп жұмыс істеу керектігін қатаң ескертті, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Аймақ басшысы Түймебаевтың төрағалығымен Шымкент қаласының проблемалық мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Онда қала құрылысын дұрыс жоспарлау, жол инфрақұрылымы саласы мен көгалдандыру жұмыстарындағы өзекті мәселелер талқыланды. Шаһардағы жалпы аухал бойынша қысқаша баяндама жасаған Шымкент басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың сөзінен соң сөз оның орынбасарларына берілді.

Алайда Әбдірахымовтың қоластындағы қызметкерлері жасаған баяндамаға облыс басшысы қанағаттанбады. Мәселен, қалада жер қойнауын пайдалануға бірқатар заңсыздықтар орын алып отыр. Ал оны ретке келтіруде аудан әкімдігі қауқарсыздық танытуда.

«Заңсыз әрекетке барғандарды жазаламайсыздар. Содан кейін олар жүре береді. Бір дүңгіршек қойып, жергілікті полиция қызметкерлерімен бақылаңыздар. Бұларыңыз болмайды. Заңды, тәртіпті сылау керек», - деді Түймебаев.

Мұнан соң облыс әкімі Шымкенттегі сапасы сын көтермейтін жолдарды назарға алды. Тіпті «соқырға таяқ ұстатқандай» етіп экран арқылы сапасыз жолдардың фотоларын көрсетті. Тек қана жол емес, қурап қалған көшеттер мен қоқыстар да әкімнің көзіне ілігіпті.

«Аудан әкімдері күн сайын өзіне қарасты ауданды аралап шықсын. Галстукпен емес, галстуксыз... Жұмысты түзеңіздер, шара қолданыңыздар. Салбырап жүре бермей, сілкініп жұмыс істеңіздер. Шымкент – өзіміздің сүйікті қаламыз. Жүрген жеріміз таза болсын. Жаңағы қоқыс сияқты бүгінгі жиналысқа киініп келсеңіздер не болады? Ойланыңыздаршы... Протоколға барлығы жазылсын. Орындалсын», - деген облыс әкімі Шымкент басшысы Әбдірахымовқа жұмысты қолынан келетін адам жасауы керектігін айтып, ойлануға кеңес берді.

«Кім орындамады, шара көреміз. Енді неге орындамадың деп тұрғызып, ұрысып жататын уақытымыз жоқ. Түсіндіңіздер ғой?.. Индикаторлы көрсеткішпен бағалап, өздеріңізге көрсетіп, «кешіріңіз» дейміз. Шамасы келетін жұмыспен айналыссын. Тырысыңыздар, үйреніңіздер», - деп жиынды қорытындылаған Жансейіт Түймебаев көтерілген мәселелерге қатысты атқарылған жұмыстарға «қанағаттанарлықсыз» деген баға берді.

Тағы оқыңыздар:

Алматылық жастар Gucci-дің сөмкесін ұстап, Дубайдан киім сатып алады (фото)

Бір күнде он тойда ән шырқайтын Асхат Тарғынның табысы қандай? (фото)

Көңілдестің жан сыры: отбасылы адаммен көңіл қосқан қыз өзгелерді от баспауға шақырды

ОҚО-да өзінің туған жиенін 5 жыл бойы зорлап келген зейнеткер сот алдына келді

Кәмшат Жолдыбаева сүйісуден алған керемет әсерлерімен бөлісті (видео)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel