RU
Түймебаев Лас Вегас туралы армандайтын Шымкент әкімін орнына қойды

Түймебаев Лас Вегас туралы армандайтын Шымкент әкімін орнына қойды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент билігі Тараз бен Ташкент қалаларынан үлгі алу қажеттігін ескертті. Айтуынша, Шымкенттегі көгалдандыру жұмыстары талапқай сай емес, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Шаһарда өткен мәжілісте аймақ басшысы Түймебаев қаланың көгалдандыру жұмыстарын сынға алды.

«Шымкент – жасыл қала деген мағына береді. Бірақ, оған сай емес. Сіздер орталықта отыратын болған соң байқамайтын шығарсыздар. Әкімшілік-іскерлік орталығында отырған маған  қала жасыл емес, сұп-сұр боп көрінеді... Топырақты қалада тұратын сияқтымыз. Шынымды айтсам, Шымкент қаласында жұмыс істеп отырғанымды сезінбеймін» деген облыс әкімі шаһарда қаншама қаржыға отырғызылған көшеттердің қурап, қала көркін бұзып тұрғанын айтты.

Тіпті ол жұмыстарға қаржы сұраған қала әкімінің орынбасарын орнына қойып тастады.

«Мен қаладағы барлық көшелермен жүріп өттім. Қаланың айнасы – сонау әуежайдан басталады... Көшеттердің отырғызылған, бірақ қараусыз қалғандықтан қураған. Сіздер басшысыздар, мүмкін көліктен түспейтін шығарсыздар. Жай халыққа айналыңыздар... Ақша деген аспаннан түсіп жатқан сияқты «ақша керек, ақша керек» дейсіңдер. Барын жасамайсыңдар», - деді Түймебаев.

«Отырғызылған көшеттер кішкентай, 40-70 см. Негізі 2-2,5 метрден кем болмауы керек. Олардың жерге бейімделуін де ескеру керек. Ағаштардың қашықтығы сақталу керек. Көрікті ағаш болу қажет. Соны ескеріңіздер» деген Түймебаев мырза тек қана көгалдандыру емес, көріктендіру жұмыстарын да атап өтіп, Шымкент әкімдігіндегілер көршілес жатқан Тараз бен Ташкент қалаларынан үлгі алу керектігін ескертті.

«Көршілес жатқан Ташкентті қараңыздаршы. Жарқырап тұр. Ал бізде қала түнеріп тұр. Таразды қараңыздар. Көшелері қандай таза...»,-деді әкім.

Бір қызығы, қаланы аралап көрген облыс әкімі көшедегі қараусыз қалған ағаштардың «қиналып» тұрғанын байқап қойыпты.

Тағы оқыңыздар:

Алматылық жастар Gucci-дің сөмкесін ұстап, Дубайдан киім сатып алады (фото)

Бір күнде он тойда ән шырқайтын Асхат Тарғынның табысы қандай? (фото)

Көңілдестің жан сыры: отбасылы адаммен көңіл қосқан қыз өзгелерді от баспауға шақырды

ОҚО-да өзінің туған жиенін 5 жыл бойы зорлап келген зейнеткер сот алдына келді

Кәмшат Жолдыбаева сүйісуден алған керемет әсерлерімен бөлісті (видео)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel