RU

Шымкентте жолды бөлісе алмаған "шопырлар" достарын шақырып, төбелескен

Шымкентте екі автокөлік жүргізушілері жолға таласып, көмекке достарын шақырған, сөйтіп, қоғамдық жерде жаппай төбелес ұйымдастырған деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаментіне сілтеме жасап Sputniknews.kz.

Оқиға 28 қазан күні кешкісін болған, құқық қорғау органдары бұл жайында енді ғана мәлімдеп отыр. 40 жастағы такси жүргізушісі мен 33 жастағы Toyota автокөлігі жүргізушісі бір-біріне жол бермей қойғандықтан, қақтығысып қалған.

Такси жүргізушісінің айтуынша, Toyota автокөлігінен екі адам шығып, оны соққығы жыққан, содан кейін көлігінің терезесін шағып, қашып кетпек болған.

Сол кезде жүргізуші оларды қуып жетіп, көмекке достарын шақырып, төбелес ұйымдастырыпты.

Қазіргі таңда төбелеске қатысқан барлық адамдар ұсталды. "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу жұмысы жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар:

Бауырлардың бір-біріне деген махаббатын көріп, желі қолданушылары жылап қалды

70 жастағы әже бірінші сыныптың оқушысы атанды

Қайрат Нұртастың концертіне Түркістан халқы тегіс жиналды (видео)

Қостанайда 56 жастағы әйел 4-ші қабаттан секіріп мерт болды

Мексикалықтар "Өлілер күнін" дүркіретіп атап өтті (фото)

Алматы облысында дүниеге үшем әкелген ананың шенділерге өкпесі қара қазандай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1302075-shymkentte-zholdy-bolise-almaghan-shopyr.html