RU
Путин қоластындағыларға "ресейлік ұлт туралы заң" дайындауды бұйырды

Путин қоластындағыларға "ресейлік ұлт туралы заң" дайындауды бұйырды

Рассказать Вконтакте

Ресей президенті Владимир Путин "ресейлік ұлт туралы заң" әзірлеуін тапсырды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Мемлекет басшысы ол заңда нақты қандай ережелер болу керектігін айтпады, тек бұл заңның ұлттық қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі стратегияның жалғасы болатынын ғана атап өтті.

"Ресейлік ұлт туралы заңды" қабылдау қажеттігі туралы Путин Ұлтаралық қарым-қатынас жөніндегі Кеңестің отырысында мәлімдеді. Ресей басшысы бұған қоса елдегі мигранттарды "әлеуметтік бейімдеумен" айналысатын "федералдық орган" құру қажеттігіне тоқталды.

2012 жылы Путин "Ресейдің мемлекеттік ұлттық саясатының стратегиясы туралы" жарлыққа қол қойған еді. Құжатта елдің "этномәдени дамуы" туралы айтылған.

Кейін ұлт істері жөніндегі Федералдық агенттік құрылды. Оған Ресейде тұратын халықтардың бірлігін нығайту жұмысы тапсырылды. 2008 жылы Путин өзін "жақсы мағынада орыс ұлтшылымын" деп атаған.

Ресей аумағында шамамен 200 халық тұрады.

Тағы оқыңыздар:

Бауырлардың бір-біріне деген махаббатын көріп, желі қолданушылары жылап қалды

70 жастағы әже бірінші сыныптың оқушысы атанды

Қайрат Нұртастың концертіне Түркістан халқы тегіс жиналды (видео)

Қостанайда 56 жастағы әйел 4-ші қабаттан секіріп мерт болды

Мексикалықтар "Өлілер күнін" дүркіретіп атап өтті (фото)

Алматы облысында дүниеге үшем әкелген ананың шенділерге өкпесі қара қазандай

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel