RU

Елімізде соңғы бір ғасырда болмаған суық болуы мүмкін

 

Таяуда республикалық «Қазгидромет» ауа райын болжау орталығының алдағы қысқа қатысты болжамдары жарияланды деп хабарлайды korrespondent.kz.

Аталған мекеменің ұзақмерзімдік болжау басқармасының басшысы Гүлмира Ақышеваның айтуынша, алдағы қараша айының ауа райы тұрақсыз, құбылмалылығымен ерекшеленеді екен. Жаңбыр, қар, көктайғақ болып, тұман басуы жиі орын алады. Еліміздің солтүстігінде, шығысы мен орталығында кейде түнгі ауа температурасы 15-тен 27 градусқа дейін суық болуы мүмкін.

Күндізгі температура 8 – 16 градус аралығын қамтиды. Елдің батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кейде түнгі температура 5 – 12 градус, ал күндіз 0 – 5 градус суықтық арасында болады.

«Қазгидрометтің» болжамынша, желтоқсан айындағы температура Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Алматы облысының оңтүстігінен басқа аумақтарда орташа климаттық көрсеткіштен 1 градус суық болады.

Ылғал Батыс және Шығыс Қазақстанда қалыптағыдан аз түседі, Қостанай, Алматы, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Қарағанды облысының басым аумағында ол әдеттегіден көп түседі. Қыстың ең суық кезеңі қаңтар және ақпан айлары.

Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай еліміздегі болжаушылармен бірге шетелдік синоптиктер де биыл қыстың ерте түсетінін, 2016-2017-ші жылдың қысы қарлы, аязды, боранды болатынын болжап отыр. Біреулері соңғы бір ғасырда болмаған қыс келеді десе, енді бірі кейінгі 20 жылдағы қыстардан суық болады дегенді айтуда.

Қалай дегенде де «Кәрі құда» Еуропа жұртшылығын біраз әбіржітетін сияқты. Әсіресе Ресейдің батыс аумағына, Сібір, Орал бойы мен Қиыр Шығыс жағына, Украина мен Белоруссияға, Шығыс Еуропадағы елдерге қыс жайсыз тиеді деп жатқандар бар.

Осылайша синоптиктер соңғы бір ғасырда болмаған суық болуы мүмкін екенін айтып, біраз адамды ойландырып тастады. Дегенмен соңғы хабар қараша айынының біршама жылы болатынын айтып, көңілдерді жайлағаны тағы бар. Кім білсін...

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Қостанайда 56 жастағы әйел 4-ші қабаттан секіріп мерт болды

Бауырлардың бір-біріне деген махаббатын көріп, желі қолданушылары жылап қалды

Путин қол астындағыларға "ресейлік ұлт туралы заң" дайындауды бұйырды

Жылқының қабырғаларын пышақсыз сыпырып алған ер адам таң қалдырды

25 жыл бойы екі қолсыз өмір сүрген жігіттің қуанышы (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1302299-elimizde-sonhghy-bir-ghasyrda-bolmaghan-s.html