RU

Бозымбаев АИ-92 бензинінің бағасы неге көтерілгенін түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-92 маркалы бензиннің бағасының көтерілуіне байланысты түсінік берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«АИ-92 бензині бағасы реттелмейді. Нарықта қазақстандық бензин елеулі түрде ұсынылған, сонымен қатар Ресейден де ұсыныс бар. Ресейден келетін көтерме баға Қазақстан зауыттарына қарағанда қымбатырақ. Биылғы жаңғырту жұмыстарына байланысты «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» жоспарлы күрделі жөндеуге шықты. Онда технологиялық үдеріске тікелей қатысты қондырғылар жаңғыртылуда. Өндіріс 12-сіне қарай жөндеуден шығып, мұнай өнімдерін өндіруді жандандырады», - деді Бозымбаев үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

«Бұл өз кезегінде осы зауыттағы ашық түсті мұнай өнімдерін шығаруды 4-5 пайызға төмендетіп, сәйкесінше ішкі нарыққа өнім жеткізілімі азайды. Яғни, АИ-92 маркалы арзандау қазақстандық бензиннің үлесі төмендегендіктен, ресейлік бензин нарыққа көбірек кіре бастады. Ал Ресей бензині қымбаттау екені түсінікті», - деді министр.

Сөз соңында ол жақында баға реттелуі мүмкін екенін айта келе, өткен жылы да осындай жағдай орын алғанын еске салып өтті.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Қостанайда 56 жастағы әйел 4-ші қабаттан секіріп мерт болды

Бауырлардың бір-біріне деген махаббатын көріп, желі қолданушылары жылап қалды

Путин қол астындағыларға "ресейлік ұлт туралы заң" дайындауды бұйырды

Жылқының қабырғаларын пышақсыз сыпырып алған ер адам таң қалдырды

25 жыл бойы екі қолсыз өмір сүрген жігіттің қуанышы (видео)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бозымбаев АИ-92 бензинінің бағасы неге көтерілгенін түсіндірді
Mailfire view pixel