RU

"Беташарда" келінін оқтаумен "ұрмақшы" болған ене таң қалдырды

Желіде "Беташар" рәсімі кезінде жаңа түскен келінге қарай оқтауды сермеп қалған ененің видеосы жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі eap_kz парақшасында жария болды.

Жаңа түскен келінге оқтау ұсыну дәстүрін орындау кезінде келіннің енесі оған оқтауды сермеп, "ұрмақ" болғандай әзілдейді. Бірақ ененің бұл әрекеті желі қолданушыларына жақпай қалды. Әзілдің де әзілі болар деген олар жаңа түскен келінді аяп кетті.

"Енесі тәрбиесіз екен", "Әр адамның өз орны бар", "Масқара, не деген тәрбиесіздік, елдің көзінше осылай жасауға бола ма", "Қыздың әке-шешесіне осына көріп, қан жылаған шығар", - деді желі қолданушылары.

Дегенмен, бұл видеодағы енені танып, оның жаман адам емес екенін айтқандар да болды.

"Әзіл ғой жай, бұл Жанат апай, өте жақсы адам", "Олай айтпаңыздар, оның ұлы асаба, әзілқой, дарынды адам. Әзіл дегенді түсінбейтін сияқтысыздар ғой. Жанат апай өте жақсы адам. Бұл әйел екі ұлын өзі тәрбиелеп, өсірген. Сіздер айтқандай байқұс келін басын салбыратып тұрган жоқ, ол жай ғана төмен қарап тұр", - деді олар.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Қостанайда 56 жастағы әйел 4-ші қабаттан секіріп мерт болды

Бауырлардың бір-біріне деген махаббатын көріп, желі қолданушылары жылап қалды

Путин қол астындағыларға "ресейлік ұлт туралы заң" дайындауды бұйырды

Жылқының қабырғаларын пышақсыз сыпырып алған ер адам таң қалдырды

25 жыл бойы екі қолсыз өмір сүрген жігіттің қуанышы (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1302405-betasharda-kelinin-oqtaumen-urmaqshy-b.html